«Шахтердің» Конференция Лигасындағы матчына үш ойыншы қатыспайды

04.08.2021, 16:06
Екі ойыншы жарақат алған, ал бір ойыншының неліктен келмегені белгісіз.
«Шахтердің» Конференция Лигасындағы матчына үш ойыншы қатыспайды

Қарағандылық "Шахтер" Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде украиналық "Колосқа" қарсы өтетін матчқа арналған өтініміне үш ойыншыны енгізген жоқ.

Олар - жартылай қорғаушылар Михаил Бакаев пен Алан Чочиев, сондай-ақ қорғаушы Егор Алишаускас. Ресейлік жартылай қорғаушылар жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыспайды, Алишаускастың Украинаға неліктен келмегені белгісіз.

Қарағандылық клуб кеше, 3 тамызда Украинаға аттанған еді. Матч 5 тамызда "Колос" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×