«Шахтердің» Конференция лигасындағы қарсыласы «Уотфорд» шабуылшысын сатып алды

15.08.2021, 22:26
Футболшының трансферлік құны 1,5 миллион еуроны құрайды.
«Шахтердің» Конференция лигасындағы қарсыласы «Уотфорд» шабуылшысын сатып алды

"Маккаби Тель-Авив" 26 жастағы хорватиялық шабуылшы Стипе Перицаның командаға қосылғанын хабарлады.

Англия Премьер-лигасында ойнайтын "Уотфордтың" шабуылшысы "Маккаби" клубымен "1 + 1" жүйесі бойынша келісім-шарт жасасты.

Перица "Челси", "Удинезе" және "Фрозиноне" сияқты Англия мен Италия чемпионаттарының клубтарында доп тепкен. Шабуылшы өткен маусымда "Уотфорд" үшін Чемпионшипте 18 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Израильдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Перица Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі "Шахтермен" болатын алғашқы матчқа қатыспайды, бірақ Израильдегі қарымта матчқа дайын болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×