«Шахтердің» жаңа бас бапкері кім болмақ?

12.04.2021, 04:19
Әлиевтің орнын Адиев баспақ.
«Шахтердің» жаңа бас бапкері кім болмақ?

Қарағандылық "Шахтер" командасын кімнің жаттықтыратыны белгілі болды, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм-арнасы.

Клуб басшылығы ресейлік маман Магомед Адиевпен келіссөздер жүргізіп жатыр, олар нақты келісімге келді.

Адиев "Волга", "Ахмат", "Анжи" секілді клубтарда жұмыс істеген. Ол ойыншы ретінде Қазақстан чемпионатында бақ сынап көрген, 2003 жылы елордалық "Жеңіс" сапында 11 матч өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, "Шахтердің" бас бапкері Әли Әлиев күні кеше қызметінен кеткен болатын. Қазір команданы Андрей Финонченко жаттықтыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×