Қарағандылық «Шахтёр» командасы 26 жасар португалдық қорғаушы Яго Фернандеcпен 2 жылдық келісім-шарт жасасты.
Лиссабондық «Бенфиканың» түлегі орталық қорғаушы шебінде өнер көрсетеді. Бойшаң қорғаушының бойы- 195 см. «Бенфиканың», «Спортингтың», мадридтік «Реал» мен «Валенсияның» жастар құрамасында ойнаған.
Үлкен футболдағы мансабын «Валенсияның» екінші командасында бастап, «Эспаньолдың» екінші командасында жалғастырады. Португалдық «Жиль Висенте», швецияның «Мальмё», испандық «Жирона», гректің «АЕК» клубтарында бақ сынаған. Соңғы өнер көрсеткен клубы - швециялық«Хэкен».
Португалияның жастар құрамасында ойын өткізген.
Абылайхан ЖҰМАШ