“Шахтер” Игорь Щацкийдің орнын басар қақпашы тапты

27.02.2024, 17:52

Қарағандылық “Шахтер” 24 жастағы молдовалық қақпашы Игорь Мостовеймен келісімге келді, деп жазады  Аладоп.кз.

“Шахтер” Игорь Щацкийдің орнын басар қақпашы тапты

Игорь шетел асып көрмеген футболшы. Ол өз мансабында тек молдовалық ұжымдарда өнер көрсеткен. Қақпашы “Сперанца”, “Кодру”, “Зимбру” және “Петрокуб” клубтарының барлығын қосып алғанда ішкі біріншілікте 35 ойын өткізіп, қақпасына 40 гол жіберді.

2023/24 жылғы маусымда Мостовей 7 рет алаңға шығып, 3 гол жіберді. 

Айта кететіні, қарағандылық клуб осы трансферге дейін 31 жастағы украиндық қорғаушы Дмитрий Рыжухты қатарына қосты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×