“Шахтер” колумбиялық қорғаушысын қайтарып алды

12.08.2024, 19:17

Қарағандылық “Шахтер” 23 жастағы колумбиялық қорғаушы Мино Кампомен келісімшартқа отырды.

“Шахтер” колумбиялық қорғаушысын қайтарып алды

Кампо литвалық “БФА”, латвиялық “Лиепая”, ресейлік “Динамо” Махачкала клубтарында өнер көрсетті. 

2023 жылы Мино дәл осы “Шахтер” жейдесінде 19 ойын өткізіп, 2 гол соқты. 

Бойы 1.92 см құрайтын қорғаушыны трансфермаркет 50 мың еуроға бағалайды. 

Ішкі чемпионаттың 14-тур қорытындысы бойынша 8 ұпай жинаған “Шахтер” турнирлік кестенің түбінде келеді. Кеншілер алдында 1 ұпай қоржынында көп “Жеңіс” тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×