48 жастағы чехиялық Иржи Ярошик Қарағанды клубынан кеткенін хабарлады.
Иржи өз отанына қайтып оралыпты. 48 жастағы маман Қазақстандық клубтардан ұсыныс түсетін болса, ойланып көретінін де тілге тиек етіпті.
Айта кетейік, “Шахтер” командасы 2025 жылы өз тарихында алғаш рет Премьерден төмен лигада өнер көрсетті. Биылғы маусымда кеншілер Бірінші Лиганың турнир кестесінде 4 орын алып, элитаға жолдама ала алмаған еді.
Ярошиктің “Шахтердегі. қызметі бапкердің-кеңесшісі болған. Алайда уақыт өте Иржи команданың бас бапкеріне берілген қызметті атқарды.
Лондондық “Челсидің” экс-ойыншысы “Шахтерге” дейін чехиялық “Слован”, “Усти-над-Лабем”, Простеев, “Теплице”, словакиялық “Ружемберок”, словениялық “Целе” және ресейлік “Оренбург” клубтарын жаттықтырды.