“Шахтер” командасы маусым алдыңдағы алғашқы трансферлерін жасады

Қарағандылық клуб қос футболшымен келісімге келгенін хабарлады, деп жазады Аладоп.кз.

“Шахтер” командасы маусым алдыңдағы алғашқы трансферлерін жасады

“Кеншілер” алғашқы сәтте 2023 жылдың жаз айынан бері клубсыз келген 25 жастағы сербиялық қорғаушы Филип Стаменковичтің трансферін ресми жариялады. Бойы 1.92 см құрайтын ойыншы өз мансабында “Вождовац”, “Радничк БГ”, “Динамо Вране”, “Златибор”, “Велес” Мәскеу, “Металлург” командаларында доп тепті. Соңғы аталған өзбекстандық Бекабад ұжымында ол небәрі 5 кездесу өткізіп, командаға керегі болмай қалды.

Келесі кезекте “Шахтер” 30 жастағы шабуылшы Имеда Ашортиямен келісімшартқа отырды. Футболшы мансабының басым бөлігін өз отаны мен Әзербайжан біріншіліктерінде өткізген. 2022/23 жылғы маусымда грузиялық “Телави” ұжымымен бірге өнер көрсетті. Жалпы алғанда 30 жастағы шабуылшы кәсіби карьерасында 161 ойын өткізіп, небәрі 17 гол мен 8 ассистік әрекеттерімен көзге түскен.

Қос ойыншының Игорь Солошенко баптайтын командадағы келісімшарты 2024 жылдың соңына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×