“Шахтер” командасында кадрлық өзгеріс

ЖаркOFF телеграм-арнасы қарағандылық команданың жаңа басшысының есімін жария қылды. 

“Шахтер” командасында кадрлық өзгеріс

Кеншілер командасын алдағы уақытта Әкімбек Жақсылық басқаратын болады. Ол бұл қызметке дейін QJ League турнирінің заңгері болып қызмет жасаған. 

Жаңа басшыны Қарағанды Футбол Федерациясының басшысы атанған Тимур Турлов тағайындап отыр. Ресейлік кәсіпкер Әкімбекпен өте жақсы таныс.

Еске салсақ, “Шахтер” командасын 2024 жылдан бері қоғам қайраткері Талғат Дүйсеков басқарып келді. Оның келуімен Бірінші Лига ұжымына Чехиядан Иржи Ярошик есімді бапкер алдырылды. 

Алайда Премьерге үмітті ұжым маусым ортасына қарай маңызды ұпайларын жоғалтып, лидерлік позициясынан ажырап қалды. Қазірде команда Бірінші лиганың турнир кестесінде 4 орында келеді (47 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Шахтер ФК
Aladop Youtube
×