ҚПЛ-дің 23-турының шымылдық ашар кездесуінде «Жеңіс» пен «Жетісу» ойнады.
Қарағандыда өткен бұл бәсекеде елордалық ұжым 1:0-мен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голдың авторы Тевзадзе болатын (55-минут). Жетісулық футболшылар ойын барысында басым көрінген. Абылайхан Жұмабек бірінші таймда гол да соқты. Бірақ оны офсайд себепті есепке алмай тастаған.
Сонымен, осы жеңісінің арқасында «Жеңіс» 10-сатыға көтерілді. Ал «Жетісу» турнирлік кестеде бір саты жоғары орналасып 9-шы орынға табан тіреді. Айтпақшы, алдын-ала болжағанымыздай-ақ, осы турда «Шахтер» премьер-лигамен қош айтысты. Чемпионат соңына дейін әлі үш бәсеке ойнайтын «кеншілердің» «Жеңістен» он ұпайы кем. Осылайша, қарағандылық команда тарихында тұңғыш рет жоғары дивизиондағы орнынан айырылып отыр.
Біздің серіктес: FONBET