Қарағандылық “Шахтер” черногориялық қорғаушы Митар Чуковичпен келісімге келді.
29 жастағы қорғаушы Премьер-лиганың жаңа маусымын петропавлдық “Қызылжарда” бастады. Алайда Али Алиевтің командасында бірде-бір ойын өткізбеген футболшы аталмыш ұжымнан кеткен болатын. Легионердің Петропавл ұжымындағы орнын Юрий Бушман басты.
Митар өз мансабында “Петровац”, “Ловчен”, “Пролетер”, “Напредак”, “Вележ”, “Паневежис”, “Ритеряй” клубтарында өнер көрсетті.
Трансфермаркет 29 жастағы ойыншыны 250 мың еуроға бағалайды.
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a