Аруп Саутов Қарағанды командасының толыққанды футболшысы атанды.
“Қайрат” Академиясының түлегі кәсіби мансабын 2023 жылы алматылықтардың жастар ұжымында бастады. Мұнда 2 жылдай ойнап, АКАС командасына жалға берілді. Орталық шабуылшы жаңа клубында барлығя 23 матч өткізіп, 14 гол нәтижесімен Бірінші Лиганың үздік сұрмергендері қатарынан табылды.
Аруп “Қайратпен” бірге QJ League турниріне қатысқан уақытта да 17 ойында 14 гол соғып, талантты форвард екенін дәлелдеген. Оның үстіне Саутов шабуылдың кез-келген жерінде өнер көрсете алатын қабілеті бар.
Биылғы маусымда Премьерден үмітті Шахтер потенциалы жоғары футболшыны 15 мың еуроға “Қайраттан” сатып алды.