«Шальке» көптен күткен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

10.01.2021, 05:29
Бундеслигадағы көптен күткен жеңіс.
«Шальке» көптен күткен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бундеслиганың 15-тур аясында “Шальке” өз алаңында “Хоффенхаймды” ойсырата (4:0) жеңді.

Осылайша гельзенкирхендіктер Германия чемпионатының өткен маусымынан бері 30 матчқа созылған жеңіссіз серияға нүкте қойды. “Шальке” Бундеслигада соңғы рет 2020 жылдың 17 қаңтарында менхенгладбахтық “Боруссияны” жеңген (2:0) еді. Содан кейін “Шальке” 30 ойын өткізіп, 20 кездесуде жеңілістің ащы дәмін татса, он матч тең нәтижемен аяқталды.

”Шальке” 1965-1966 жылдардағы “Тасмания Берлин” клубының 31 матчқа созылған жеңіссіз сериясын қайталауға бір табан жақын болды.

Сонымен қатар гельзенкирхендіктердің 19 жасар шабуылшысы Мэттью Хопп хет-трик жасап, Бундеслигада бір ойында үш гол соққан алғашқы америкалық ойыншы атанды. Хопптың үш голына да пасты жартылай қорғаушы Амир Харит берді.

Ішкі чемпионаттағы көптен күткен жеңістен кейін “Шальке” жеті ұпай еншілеп, соңғы орыннан 17-орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×