Шаппай жатып бәйге алған

01.12.2018, 23:33
Шаппай жатып бәйге алған
«Астана» футбол клубы ел футболының тарихындағы жаңа парақты ашты. Бес дүркін чемпион болған елімізде екі клуб болса, елордалықтар үшінші болып қатарға тұрды. Тек бес дүркін ғана емес, «Астана» бұл атақты қатарынан жеңген алғашқы ұжым. Соңғы бес жылдықтың бедерінде алдына жан салмаған астаналықтардың аты озып тұр. Биыл негізгі бәсекелес «Қайрат» Григорий Бабаянның командасынан 15 ұпайға қалып қойды. Қайсар БЕКЕНОВ, «Астана» ФК бас менеджері - Чемпиондыққа жыл сайын талас қызу өтеді. Бәсекелестер бар. Тек біз өзіміз маусымды жақсы өткіздік. Маусым барысында 14 гол соққан Марин Томасов «Астана» сапындағы үздік ойыншы атағын алды. Командаға кеше келіп, бүгіндері негізгі құрамнан ойып тұрып орын алған Бақтияр Зайнутдинов «жарқ еткен жас талант» атанды. Жамбыл футболының өкілі жартылай қорғаныста жүріп-ақ 5 доптың авторы атаныпты. Әрі Еуропа лигасында маңызды гол соқты. Үздік бапкер әрине Григорий Бабаян. Оны тек елордалық клуб қана емес күллі Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы да мойындады. Сауалнамада дауыс беріп, премьер-лиганың үздіктерін анықтаған тұста Қақпашы Ненад Эрич те қара үзді. Ненад ЭРИЧ «Астана» командасының қақпашысы - Биылғы біріншілікте «Астанаға» гол соққысы келетіндердің қатары көп болғанын ұғыну қиын емес. Біз жыл сайын чемпион болғансоң көптеген командалар бізге қарсы екіленіп ойнайды. Бар күштерін салады. Дегенмен, биыл да абыроймен қақпамды қорғап шыққаныма дән ризамын. Жыд сайын ел чемпионатын жеңіп, Еурокубок ойындарына мән беретін елордалық ұжым Қазақстан кубогын жеңбегеніне де біраз уақыт болды. Бұл жарысты еліміздің ең беделді командасы неге менсінбейді? Әлде жарыстың ойнатылу әдісі әрі оның өтетін уақыты ұнамай ма? Қайсар БЕКЕНОВ «Астана» ФК бас менеджері - Қазақстан кубогы жақсы жарыс. Биыл «Махтаралға» ұтылып қалдық. Өзіңіз білесіз елімізде футбол индустриясы нашар. Бапкерлер екінші құрамды апарды. Байқаусызда, солай болды. «Қайрат» клубы жастармен жұмыс істейміз деп, болашаққа бағыт алды. «Ал «Астана» келер жылы да чемпион боламыз деп білек түріп отыр. 2019 жылы да елордалық клуб бәсекелессіз, шаппай бәйге алар ма екен?
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×