Шашын қидырмауға ант берген “Манчестер Юнайтед” жанкүйері шабуылға ұшырады

24.09.2025, 13:00

Өзінің сүйікті командасы “Манчестер Юнайтед” қатарынан бес матч жеңіске жеткенше шашын қидырмауға ант берген Фрэнк Айлетт өткен демалыс күні “Челсиді” жеңген ойында шабуылға ұшырады.

Шашын қидырмауға ант берген “Манчестер Юнайтед” жанкүйері шабуылға ұшырады

“Бұл нағыз фанат емес. Біздің команданың жанкүйері емес” деп басқа бір жанкүйер оған тап берген екен. Адамдар араласып, Айлеттті қорғаштап алған.

Айлетт әлеуметтік желіде The United Strand деген атпен танымал. Ол 2024 жылдың қазан айында командасы қатарынан бес рет жеңіске жеткенше шашын қидырмайтынын жариялаған болатын. Содан бері “Қызыл сойқандар” қатарынан бес рет жеңген жоқ, 351 күн өтіп, шашы қаптай болып өскен.

Дегенмен, осы уақыт ішінде Айлетттің әлеуметтік желідегі оқырмандары көбейген. Ол шашының қалай өсіп жатқанын жиі көрсетіп тұрады. Өткен демалыста “Челсиді” өз алаңында 2:1 есебімен жеңгеннен кейін басқа жанкүйердің қол көтеруіне қарамастан, көп ұзамай жаңбырдан су болған шашын желіге жүктеп:

“Шашым су болды, бірақ жүзім күлкіге толы! Бүгін үлкен жеңіске жеттік. Неткен керемет матч болды! Бір жеңіс бар, енді тағы төртеу қажет. Барлығымыз бірігіп қолдайық, алға!” – деп жазды.

BBC-ге берген сұхбатында Айлетт:

“Бұл сонша ұзаққа созылады деп ойламаппын. Шашым осылай өседі, оқырманым сонша көбейеді деп елестетпедім. Жылдың соңына дейін шашымды қидырып үлгеремін деп үміттенемін.” 

Енді “Манчестер Юнайтед” сырт алаңда “Брентфордпен” кездесіп, одан соң өз алаңында “Сандерлендті” қабылдайды. Сосын ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты клубтық жарыстар уақытша үзіліс жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×