Футболдан Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбенің» намысын қорғаған Игорь Шацкий жаңа маусымда «Шахтердың» жейдесін киетін болды.
Аталған трансфер жайында қарағандылық клубтың атқарушы директоры Талғат Дүйсеков мәлімдеген еді.
«Шац - біздікі, Шац - Үйде! Бастысы, ниетің болса, тілін таба алсаң көп нәрсеге қол жеткізуге болады», - деп жазды Дүйсеков әлеуметтік желідегі парақшасында.
Игорь Шацкий «Шахтердің» түлегі саналады. Ең алғаш рет 2007 жылы клубтың жастар командасында дебют жасады. Кейін негізгі құрамға алынып, одан әрі «Астана», «Тобыл», «Ақтөбе» сынды командалардың намысын қорғаған. Қазақстан құрамасына 2019 жылдан бері шақыртылып жүр.
Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» биыл ҚПЛ-де сәтсіз өнер көрсетіп, турнир кестесінде ең соңғы орын алды. «Кеншілер» тарихында тұңғыш рет Бірінші лигаға төмендеп отыр.
Біздің серіктес: FONBET