Шатыры жоқ стадион шымшыма аязға төтеп бере ала ма?

“Қайрат” қыс мезгілінде өтетін Чемпиондар Лигасындағы ойындарын Астанада өткізуі мүмкін.

Шатыры жоқ стадион шымшыма аязға төтеп бере ала ма?

Бұл мәселе бойынша "Қайрат" клубының президенті Қайрат Боранбаев қатты ойланып жүр екен. Ол ресейлік спорт журналисі Александр Шмурновқа берген сұқбатында УЕФА регламентіне сәйкес, қатысушы команда өз алаңындағы ойындарын қос стадионда өткізуге болатынын атап өтті. Сол себепті, жанкүйерлердің денсаулығына қатты алаңдаушылық білдірген Советайұлы Боранбаев 9 желтоқсан күнгі матчты елордасы Астанада өткізу жайында алдағы уақытта шешім қабылдайтынын тілге тиек етті.  Команда басшысы өткен жылдың желтоқсан айында “Челси” келгенде, ауа-райының кәдімгідей суық болғанын алға тартты.

Еске салсақ, 9 желтоқсан күні “Қайрат” Орталық стадионда грекиялық “Олимпиакосты” қабылдауы тиіс. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×