«Шеффилд» 1973 жылдан бері алғашқы рет «Олд Траффордта» жеңіске жетті

28.01.2021, 09:45
Тағы бірқатар статистикалық нәтижелер тіркелді.
«Шеффилд» 1973 жылдан бері алғашқы рет «Олд Траффордта» жеңіске жетті

Англия чемпионатының 20-тур аясында “Манчестер Юнайтед” өз алаңында “Шеффилд Юнайтедті” қабылдап, 1:2 есебімен тізе бүкті.

Ойынның 23 минутында Кин Брайан қонақтарды есепте алға шығарды. Екінші таймның 64 минутында Харри Магуайр таблодағы есепті теңестірді. Араға он минут салып, Оливер Берк “Шеффилдке” ағымдағы маусымның екінші жеңісін сыйлады.

“Шеффилд” 1973 жылдан бері “қызыл сойқандарды” қонақта алғашқы рет жеңді. Шеффилдтіктер осыған дейін “Олд Траффордта” жеті ойын қатарынан жеңілістің ащы дәмін татқан екен. Сонымен қатар АПЛ-дегі 16 матчқа созылған қонақтағы жеңіссіз серияларына нүкте қойды.

Ал “Манчестер Юнайтедтің” Англия чемпионатындағы 13 ойынды құраған жеңіліссіз сериясы үзілді. Оле-Гунар шәкірттері осыған дейін он ойында жеңіп, екі кездесуде тең түскен еді.

“Қызыл сойқандар” 20 турдан кейін 40 ұпай еншілеп, екінші сатыда келеді. Ал “Шеффилд” сегіз ұпаймен ең соңғы орынға жайғасқан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×