29 жастағы кот-д’ивуарлық мансабын басқа ұжымда жалғастырмақ.
Беларустық БАТЭ ұжымынан келген қорғаушы “Ордабасы” сапында барлығы 20 матчта алаңға шықты.
Жимо өз мансабында Атлетик Аджаме, Сан-Педро, Неман және жоғарыда аталған БАТЭ клубында өнер көрсетті.
Шериф 2015 пен 2019 жылдары Кот-Д’Ивуар құрамасына шақыртылды.
Еске салсақ, “Ордабасы” командасы бұған дейін тағы екі африкалық легионері Салиман Кайоде мен Абубакар Рашидті клубтан кетірген болатын.