“Қайрат” қақпашысы Шерхан Қалмұрза “Спортингке” қарсы ойыннан кейін жанкүйерлерге үн қатты.
“Өкінішке қарай, біз көздеген мақсатымызға жете алмадық. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Басқа айтар сөзім жоқ.” – деді Қалмұрза.
Одан кейін жас қақпашыдан дебют жайлы сұралды:
“Бұл менің Чемпиондар лигасындағы тұңғыш ойыным. Шынын айтсам, мұндай деңгейде ойнаймын деп ешқашан ойламаған едім. Сол ой маған жұбаныш болды. Дегенмен, 1:4 есебі біз үшін тым ауыр әрі әділетсіз. Біз өз ойынымызды көрсетуге және жеңіске жетуге тиіс едік.” – деп жауап берді ол.
Пенальти соққысын қайтарған сәттегі сезімдері жайлы:
“Керемет әсер қалдырды. Бірақ бұл ойынды тоқтатпайтынын түсіндім. Соңына дейін бар күшімізді салу керек болды, өкінішке қарай, қалаған нәтижеге жете алмадық.” – деді Шерхан Qsport-қа берген сұхбатында.