Чехияның Пльзень қаласында тұратын Инарус Словенияның Siol.net басылымына сұхбат беріп, жауапты ойында «Қайрат» клубы толықтай шығынды өтеп беретіндігін мәлімдеді.
«Матчтан кейін «Қайрат» клубы мені Алматыдағы жауапты ойынға шақырды. Қазір мен осындамын. Чехиядан Қазақстанға жол шығындарын төлеп, шын мәнінде мені таңғалдырды. Клуб басшылығына шексіз алғысымды білдіремін», — деп бөлісті жанкүйер.
Сондай-ақ, ол Словениядан келетін футбол жанкүйерлеріне Алматыда баруға кеңес беретін жерлерді де айта кетті.
- Мен словениялық жанкүйерлерге Алматыға келуді шын жүректен ұсынар едім. Қала тек футбол үшін емес, оның сұлулығы мен тарихы үшін де келуге тұрарлық. Иә, сіздер тауларға үйренген шығарсыздар. Бірақ Шымбұлақтың қарлы шыңдары мен Үлкен Алматы көлінің келбеті сіздерді де таңғалдырмай қоймайды.
Қаланың өзін аралаған кезде, міндетті түрде «Көк базарға» соғып, жергілікті халықтың тіршілігін сезініп көріңіз. Ал қалалық собордың сәулеті мен тыныштығы сізге ерекше әсер қалдырады.
Асханамыз – өз алдына бір әлем. Сіздерге ет, палау, манты секілді тағамдарымыздан дәм татып көруді ұсынамын. Сонымен қатар, кәуәбіміз де ет сүйер жандар үшін таптырмас тағам. Егер сіз етті жақсы көрсеңіз, біздің дастарханымыз сізге ұмытылмас әсер сыйлайтынына сенімдімін.
Сол себепті барша словениялықтарды қонақ болуға шақырамын!» - деді Инарус
Айта кетейік, «Қайрат» - «Олимпия» арасындағы қарымта ойын 15 шілде күні Астана уақытымен 20:00-де басталады.