Словакияның "Тренчин" клубының ойыншысы 19 жастағы Шахмұрза Адырбеков клубтың баспасөз қызметіне алдағы Жаңа жыл мерекесін қалай өткізетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Мен мереке күндерін жақын адамдарыммен, отбасыммен бірге өткіземін. Бұл өте маңызды. Бұл біздің отбасылық дәстүріміз. Біз Жаңа жылдық фильмдер көріп, анам мерекелік дастархан жасайды.” — деді Адырбеков.
Оның командасы өткен 7-ші желтоқсанда Адырбеков алаңға шыққан матчта алғаш рет жеңілмеді. Олар "Татран Прешов” командасымен 0:0 есебімен тең түсті.
Оларға мерекеге шығуға әлі ерте. Себебі, 13 желтоқсанда "Ружомберокқа” қарсы маңызды матч күтіп тұр.
Жалпы алғанда, команданың жағдайы сырт көзге көрінгендей нашар емес. Турнир кестесін жоғарғы және төменгі бөліктерге бөлетін әрі Еурокубоктарға таласу мүмкіндігін сақтайтын алтыншы орынға жету үшін оларға бар болғаны бес ұпай жетпейді. Бұған қоса, "Тренчин” Словакия Кубогындағы жолын жалғастыруда.