Ресейлік "СЭ" басылымы "Қайрат" - "Олимпиакос" кездесуін қортындылап, алматылық клубтың өнерін бағалады.
Кеше ЧЛ 6-туры аясында болған бәсекеде Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 0:1 есебімен ұтылып қалған болатын.
"Үзіліске дейін Анарбеков Эль-Каабидің соққысынан кейін қақпасын кемінде екі голдан аман алып қалды. Ал екінші тайм басында мароккандық сұрмергенді айып алаңында шалып жыққанда пенальтиден тек офсайд құтқарып қалған болатын. Әйтсе де, "Қайрат" өз қақпашысының өмірін қарсылас қақпасының алдындағы белсенділігінің арқасында жеңілдете алды. Десе де, алаң иелері қарсылас қақпасының бағанасына соққы жасай алмады, ал "Монаконың" бұрынғы футболшысы Желсон Мартинш өткір бұрыштан қақпаның жақын бағанасына допты тоғытып Анарбековті қателестірді. Осының өзінде алматылық клуб қақпашысы керемет түрде екі рет құтқарып қалған еді.
Бұдан бөлек, Таремидің соққысын қақпа маңдайшасы тоқтатса, қақпашыны қапы қалдырған Эль-Каабидің соққысы бағанаға тиген. Ашығын айтқанда, пирейліктердің ірі есеппен жеңбегені ғажайып болды. Ал қазақстандықтардың төреші қосқан қосымша минуттарда қақпаға жасаған жалғыз соққысы Цолакис үшін жай ғана жаттығу болып қалды. "Қайрат" еншісінде әлі де бір-ақ ұпай болса, "Олимпиакостың" түйіспелі ойындарға шығу мүмкіндігі артып келеді. Ал әзірше, гректер ЧЛ-да 2020-жылдың қазанынан бері жалғасқан жеңіссіз 10 ойындық сериясына нүкте қойғанын мәлімдейміз, - делінген сайт материалында.
Жалпы кезеңдегі 6 турдан кейін "Қайрат" 1 ұпаймен сол 35-орында қалып отыр. Ал грекиялық команда ұпай санын 5-ке жеткізіп, жиырма алтыншы сатыға көтерілді.