
Қостанайдың «Тобылында бір маусым жұмыс істеп кеткен украиналық маман Эдмар украиналық БАҚ-қа ҚПЛ деңгейі туралы пікірін айтты.
«Бұл жерге келгенге дейін Қазақстан футболы туралы көп ештеңе білмейтін едім - тек оқу-жаттығу жиындарында кейбір клубтармен жолыққанымыз болмаса. Алайда, Қазақстандағы бір маусымнан кейін мұндағы деңгейдің шынымен жоғары екенін айта аламын.
Украинадағы инфрақұрылым жақсырақ - стадиондар да, алаңдар да. Қазақстанда алаңдардың кесірінен кей футболшылар бар талантын көрсете алмай жататыны бар. Әсіресе, легионерлерге қиын - олардың кейбірі тіпті өздерін жоғалтып алады», - деді футболшы «Украинский футбол-ға» берген сұқбатында.
Шыққан тегі бразилиялық жаттықтырушы «Тобылдың» бапкерлік құрамында 2024-жылғы маусымда жұмыс істеген болатын.
Біздің серіктес: FONBET