Шетелдік футболшы ҚПЛ төрешілерінің жұмысын жоғары бағалады

03.12.2025, 15:50

Сербиялық қорғаушы Қазақстан футболындағы басты мәселені атап, төрешілерді жақтады, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

Шетелдік футболшы ҚПЛ төрешілерінің жұмысын жоғары бағалады

“Ертіс", "Атырау", "Жетісу", "Тұран” және "Қызылжар” командаларында доп тепкен Сербиялық қорғаушы Стефан Живкович ел футболындағы негізгі проблемалар туралы өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, Қазақстандық футболдың дамуына бірінші кезекте инфрақұрылымның әлсіздігі әсер етеді. Кейбір стадиондардың жағдайы мен сапасы төмен көгалдар ойын деңгейін түсіріп, командалардың мүмкіндігін толық көрсетуге кедергі келтіреді.

"Қазақстанға алғаш келгенде ең қатты таңғалдырған нәрсе — кейбір стадиондардың жағдайы. Әлсіз көгал, ескірген инфрақұрылым. Жақсы футбол жақсы жағдайдан басталады. Қазір бұл бағытта жұмыс істеліп жатқанын білемін. Ал төрешілерге келсек, қателік барлық чемпионатта бар.” — деді Живкович.

Ол мысал ретінде "Челси" — "Арсенал” кездесуіндегі даулы сәтті атап өтіп, Ағылшын Премьер лигасының өзінде де үлкен қателіктер жасалатынын айтты.

"Стадиондар мен алаңдардың сапасы жақсарса, Қазақстандағы төрешіліктің деңгейі де бірге көтеріледі деп сенемін.” — деп қорытындылады ол Sports24.kz сайтына берген сұхбатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×