«The Courier Sport» журналисі Алан Темпл Ғалымжан Кенжебектің «Ахматқа» ауысуына байланысты пікір білдірді.
Жартылай қорғаушы осы аптада медициналық тексерістерден өтіп, ресми грозныйлық клуб ойыншысы атанбақ.
«Кенжебектің мотивациясы туралы да, «Ахмат» жайлы де ештеңе білмеймін. Бірақ, шотландиялықтар үшін футболшының «Дандиды» таңдамағаны таңқаларлық жайт емес. Бұл олардың қиялы еді, бірақ басқа клубтардың оған әлдеқайда жоғары жалақы ұсына алады. «Данди Юнайтед» Кенжебекке «Ахматтан» көп ақша ұсына алмайды, алайда, британ футболына жол ашатын еді», - деді А. Темпл ASnews.kz-ке берген сұхбатында.
Ғалымжан Кенжебекке «Ахматтан» бұрын бірқатар клубтар қызығушылық танытқан. Олардың қатарында шотландиялық «Данди Юнайтед» пен «Рейнджерс» те болды.