Шетелдік төрешілерді ҚПЛ-ге шақыру қаншалықты тиімді? Эксперттер не дейді?

15.09.2025, 10:51

Танымал маман Болат Есмағамбетов ҚПЛ ойындарына шетелдік бапкерлерді шақыру бастамасына қатысты пікірін айтты.

Шетелдік төрешілерді ҚПЛ-ге шақыру қаншалықты тиімді? Эксперттер не дейді?
ҚПЛ-дегі төрешілер

Өткен турда «Астана» мен «Елімайдың» арасындағы ойынды португалиялық төреші Жоау Гонсалвеш, ал «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесуінде қырғызстандық Нурзатбек Абдикадиров төрелік еткен еді.  

«Мұның бәрі түбегейлі шешім емес. Шетелдіктер жақсы төрелік етері сөзсіз, лайықты баға алады. Бірақ оған арқа сүйей беруге болмайды. Қазақстандық арбитрлердің өзі халықаралық аренадан көрінбей қалды. УЕФА бізді күтпейді, егер біз өз төрешілерімізге сенбесек. Жас мамандар тәжірибені қайдан жинайды? Егер екі елдің футбол федерациялары арасында келісім болып, өзара тәжірибе алмасу жүйесі енгізілсе — бұл орынды қадам болар еді. Ал әзірге ҚФФ-ның бұл мәселені өз күшімен шеше алмай отырғаны қынжылтады. Қалай болғанда да, алдағы матчтарда үлкен мәселе шешіледі. Сол себепті, бәріне португал тілін үйрену қажет шығар, жаттықтырушылар мен ойыншылар төрешілермен еркін сөйлесе алуы үшін», - деді Б. Есмағамбетов.

Айта кетейік, ҚПЛ-дің 23-турындағы бірнеше матчта шетелдік мамандар төрелік жасаған болатын. Чемпионаттың 23 турынан кейін алматылық «Қайрат» көш бастауда. Екінші – «Астана», үздік үштікті «Тобыл» түйіндеуде.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×