Танымал Football Wonderkids X-аккаунты, Дастан Сәтпаевтың керемет голына таңданысын білдірді.
Қазақстан Премьер лигасының кейінге шегерілген 8-тур ойынында, 17 жастағы Сәтпаев “Жеңіс” қақпасына дубль жасап, "Қайратқа” 3:1 есебімен жеңіске жетуге көмектесті.
Football Wonderkids Сәтпаевтың бірінші голына ерекше тоқталды:
"Дастан Сәтпаевтың 17 жасқа толғанына бірнеше ай ғана болды. Ол "Қайратты” Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарды. Қазақстан чемпионатында 18 матчта 11 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Міне, осындай голдарды соғып жүр. Оны "Челси” клубы қазірдің өзінде жоспарларына қосып қойды.” – деп жазды аккаунт.
– Vesti.kz