Шетелге кете ме, әлде Қазақстанда қала ма? – Футболшы мансабына қатысты соңғы нүктені қойды

Бүгін, 19:34

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы кандидаты, тәжірибелі қорғаушы Тимур Рудосельскиийдің қай клубқа ауысатыны төңірегіндегі қауесеттерге нүкте қойылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Шетелге кете ме, әлде Қазақстанда қала ма? – Футболшы мансабына қатысты соңғы нүктені қойды

Соңғы уақытта БАҚ беттерінде футболшы Чехияның “Варнсдорф” клубымен келісімшартқа отырды деген ақпарат тараған болатын. Алайда, ойыншының өзі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Рудосельский қазіргі уақытта еркін агент ретінде бірнеше ұсынысты қарастырып жатқанын жеткізді.

Футболшының айтуынша, оның алдында тек шетелдік емес, отандық клубтардан да түскен ұсыныстар бар. Таразы басында Еуропа төрінде бақ сынау мен туған жерде қалу мүмкіндіктері тұр.

“Қазіргі уақытта үйдемін. “Варнсдорф” клубына ауысу — мансабымды жалғастырудың жалғыз ғана нұсқасы емес. Бірақ одан бөлек басқа да ұсыныстар бар. Ел ішінде де, шетелде де қызығушылық танытып жатқан ұжымдар жетерлік.” — деді Тимур Рудосельский.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×