Шина “Астанаға” қарсы ойынға қатыса алмайды

05.08.2024, 21:50

“Елімайдың” 28 жастағы бразилиялық ойыншысы Рожерио Шина өз командасының Лига Кубогының “Астанаға” қарсы жартылай финалдық кездесуінен шет қалады, деп жазады kazfootball.kz.

Шина “Астанаға” қарсы ойынға қатыса алмайды

Лига Кубогының “Атырауға” (3:0) қарсы топтық кезең ойынында Шина сары қағазбен жазаланды. Ал бұл оның аталған турнирдегі екінші ескертуі болған. Сондықтан бразилиялық өз командасының маңызды кездесуін қосалқы құрамда тамашалайды.

Лига Кубогынде Рожерио Алвес Дос Сантос 2 ойын өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді. 

Премьер-лигада шабуылшы осы маусымда 13 матч өткізіп, 3 гол мен 1 голдық пас берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×