Шина “Қызылжарға” қарсы ойыннан шет қалады

28 жастағы “Елімай” ойыншысы Рожерио Шина Премьер-лиганың “Қызылжармен” болатын кездесуіне қатыспайды, деп жазады Kazfootballkz. 

Шина “Қызылжарға” қарсы ойыннан шет қалады

“Тұранға” қарсы 17-тур матчында Рожерио сары қағазбен жазаланды. Бұл ескерту оның осы маусымдағы 4 болып есептеленді. Сол себептен жартылай қорғаушы өз командасының алдағы келе жатқан ойынына жіберілмейді. 

Биылғы ішкі чемпионатта Рожерио Алвес Дос Сантос 14 матч өткізіп, 4 гол мен 2 голдық пас берді. 

Жоғарыда аталған “Елімай” - “Қызылжар” кездесуі 24 тамыз күні сағат 18:00 басталады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×