ШҚО әкімі бизнес өкілдерін “Алтай” футбол клубына демеуші болуға шақырды

17.01.2026, 15:52

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі ірі кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді жергілікті "Алтай" футбол клубына қаржылай қолдау көрсетуге шақырды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен ресми жиында мәлім болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

ШҚО әкімі бизнес өкілдерін “Алтай” футбол клубына демеуші болуға шақырды

Өңір басшысы өз сөзінде Шығыс Қазақстанда футбол спортының жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын атап өтті. Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда облыста спорттың бұл түріне деген қызығушылық жоғары, әсіресе балалар футболы мен жанкүйерлер мәдениеті жақсы дамып келеді.

"Біздің аймақта футбол өте қарқынды дамып жатыр. Көңіл қуантарлық нәтижелер де жоқ емес. Жергілікті клубтың ойынын тамашалайтын жанкүйерлер қатары артып, балалар мен жасөспірімдер футболы ілгері басуда. Осы қарқынды сақтап қалу үшін Өскеменнің "Алтай” футбол клубына қосымша инвестиция қажет.” — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Әкім облыстағы ірі өндіріс орындары мен кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілік танытуға үндеді. Оның пайымдауынша, жеке сектордың қолдауы клубтың инфрақұрылымын жақсартуға, легионерлер емес, жергілікті таланттарды тәрбиелеуге және команданың кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×