ШМИТГЕЛЬ МЕН НӨСЕРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҚЫМБАТ ОЙЫНШЫЛАР

26.03.2012, 20:25
ШМИТГЕЛЬ МЕН НӨСЕРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҚЫМБАТ ОЙЫНШЫЛАР
Немістің Transfermarkt.de агенттігі қазақстандық футболшылардың футбол базарындағы бағасын жариялады. Германиялық порталдың пайымдауынша, біздің футболшылардың ішіндегі ең қымбаты Генрих Шмитгаль мен Танат Нөсербаев. Шмитгельдің «құны» 1 миллион 250 мың доллар, ал Нөсербаевтың бағасы 800 мың доллар. Сондай-ақ, футбол базарында Қазбек Гетериев 500 мың , Сергей Хижниченко 475 мың,  Михаил Рожков пен Андрей Карпович 400 мың, Сергей Остапенко 350 мың, Азат Нұрғалиев пен Қайрат Нұрдәулетов 250 мың,  Марат Шахметов 225 мың, Марк Гурман, Сергей Каримов, Андрей Сидельников 200 мың доллар «тұрады». Бір қызығы, неміс агенттігі Ұлан Қонысбаев, Жамбыл Көкеев, Самат Сымақов, Нұрбол Жұмасқалиев сынды футболшыларды «бағаламапты». РУСЛАН МЕДЕЛБЕК
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×