Шоколадтан жасалған Криштиану Роналду

12.02.2020, 22:22
Шоколадтан жасалған Криштиану Роналду

Португалиялық шоколад шебері Жорже Кардосо Швейцарияның  Фрайбург қаласында танымал отандасы Криштиану Роналдуға арналған туындысын таныстырды. 120 килограмдық таза шоколадтан жасалған туындыны жасау үшін 200 сағатын жұмсапты.

Таныстырылымда Жорже: «Мен бұл ескерткішті Роналду екеуміздің арамызда ұқсастық көп болғандықтан жасадым. Расында, екеуміздің тағдырымыз өте ұқсас. Мен де ол да бәрін басынан бастап тынымсыз еңбектің арқасында жоғары жетістіктерді бағындырдық»,-деді.

Бұл туынды 2 апта бойы Suard шоколад дүкендер желісінде, сосын Португалияға жол тартады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×