Шолу. Премьер-лига. Х тур

13.05.2012, 20:07
Шолу. Премьер-лига. Х тур
       Футболдан ХХІ ел премьер-лигасының Х тур ойындары да артта қалды. ІХ тур қорытындысы бойынша көш басында келе жатқан «Тобыл» бұл турда топты жеке-дара бастады. Қостанайлық команда мен «Шахтер» арасын енді 4 ұпай бөліп тұр. 

 

І тайм – «Ордабасы», ІІ тайм – «Қайрат»

   Алматының орталық стадионындағы «Қайрат» пен «Ордабасы» ойынына жиналған жанкүйерлер өз командасына барынша қолдауын аямады. Трибунаның қос қанатындағы жанкүйерлер қолдауы бірде оң жақтан, бірде сол жақтан жаңғырып шығып жатты. Бұл қолдау да командаларға ерекше серпін берді. Екі команда ойыншылары алаңға " С днем рождения Санжарич" деген жейде киіп шықты. Бұл қазақ футболының аңызға айналған ойыншысы Тимур Сегізбаевтың туған күніне орай жасалған құрмет болатын. Қоңырау шалысымен алаң иелері допты ойынға қосты. Қарқыны да кереметтей көрінді. Алғаш рет бұрыштама добын да орындады. Алайда ойындағы басымдық екі команда арасында тең өрби бастады. Доп орталық алаңда көп жүрді десек те болады. Әуедегі допқа талас кезінде шымкенттік команда басымдығын таныта білді. Әсіресе Д.Тәжімбетовтің ойыны жанкүйер көңілінен шыққандай. Ойынның бітуіне аз ғана уақыт қалғанда қонақтар бұрыштама добын орындады. Бұрыштамадан көтерілген допты Дәуренбек қарсылас қақпасына тоғытқандай болатын. Бірақ доп «Қайрат» ойыншысы Гурманның аяғына тиіп өз қақпасында тулаған екен. Сонымен алғашқы таймда «Ордабасы» бір доп айырмасымен жеңіп шықты.     Екінші таймда алаң иелері есепті теңестіруге барынша талпынды. Осындай шабуылдар кезінде қарымта шабуылға шыққан қонақтар бірнеше рет қауіпті соққылар жасады. Касьяновтың алыстан бағыттаған соққысы «Қайрат» қақпашысының қолының ұшына тиіп кері серпілді. Одан кейін де шымкенттік команданың мүмкіндіктері мүлт кетіп жатты. «Сен соқпасаң- мен соғамын» дегендей, «Қайрат» командасы есепті теңестірді. Алыстан бағыттаған Кнежевичтің добы «Ордабасы» қақпасының торында тулап жатты. Қақпашының алға шығып кеткенін дәл аңғарғандай. Сонымен есеп теңесті. Екі команда ойыны да теңескендей. Ойын соңына қарай екі команда да бір доп соғуға талпынды. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Осылайша екі команда бір-бір ұпайдан еншілеп тең тарқасты.  

Қайрат -Ордабасы 1:1 (0:1) Голдар: Гурман 45 автогол (0:1), Кнежевич 68 (1:1) Ескертулер: Шестаков 34, Левин 66 - Мвесигва 18, Ирисметов 75, Пахолюк 79 Қайрат: Нурмухаметов, Джорджевич (Розыбакиев 40), Гурман, Воротников, Левин, Дафф (Аубакиров 56), Шестаков, Недашковский, Мамонов, Кнежевич (Калинин 81), Иованович Қосалқы құрам: Шабанов, Яковлев, Жолдасов, Балтиев Ордабасы: Бекбаев, Ирисметов (Бейсенов 77), Мвесигва, Трайкович, Пахолюк, Аширбеков (Суюмбаев 84), Гуйе (Джилас 65), Касьянов, Б. Кожабаев, Тажимбетов, Арури Қосалқы құрам: Нестеренко, Жалмагамбетов, Иманов, Адырбеков Төрешілер: Гаузер (Петропавловск), Көпжасар, Саркутов (екеуі де - Қызылорда)

 Қонақтағы қос жеңіліс

   Өткен турларда көш басында келе  жатқан Оралдың «Ақжайық» командасы ІХ турдан кейін ІІ орынға, Х турдан кейін ІІІ орынға сырғыды. Өткен турда «Ордабасыда» қонақта болған «Ақжайық», бұл жолы Қарағандыда жергілікті командамен бақ сынасты. Ойын басталысымен қақпа кілтін іздеген қонақтар ойынның 3 минутында-ақ есепті ашты. Бұл қарағандылық команда үшін күтпеген гол болған секілді. Доп авторы – И.Зенковичь. Алайда алаң иелері тез есін жия білді. Ойынның 21 минутында Финонченконың асырған пасын сәтті пайдаланған Жамбыл Кукеев баспен бағыттаған доп есепті теңестірді. Осыдан кейін ойын өз қарқынымен өрби түсті. Алғашқы таймды тең аяқтаған қос команда, екінші таймда да аянып қалмады. Ойынның 70 минутын Янко Валканов өз айып алаңында қолмен ойнап, сары қағаз иесі атанды. Кезек пенальтиде. 11 метрлік айып добын сәтті орындаған Ж. Кукеев өз командасын алға шығарды. Ойын соңында төреші қосқан 4 минуттың алғашқы секундтарында қарағандылық команда тағы да есепті еселеді. Бұл жолы 3 нөмірде өнер көрсеткен, Гедиминас Вичюс голы көрермен есінен көпке дейін ұмытыла қоймасы да анық секілді. Осылайша «Шахтер» өз жағдайын жақсартып, турнир кестесінің екінші орнына жайғасты.   «Шахтер» — «Ақжайық» 3:1 (1:1) Голдар: Зенькович (4), Кукеев (22, 74 (п)), Вичюс (90+1) Ескертулер: Алиев 55, Зотов 73, Зенькович 88 «Шахтер»: Мокин, Парываев, Джидич, Василевич (Тарасов, 48), Киров (Габышев, 75), Аресниджевич (Байжанов, 67), Каньяс, Вичюс, Кукеев, Хижниченко, Финонченко Қосалқы құрам: Григоренко, Боровский, Майкич, Досманбетов «Ақжайық»: Цирин, Алиев, Хлебоун, Валканов, Омаров, Эрбес (Хаиров, 79), Коструб, Зотов, Стойчев (Мальцев, 87), Семлер (Забродин, 60), Зенькович Қосалқы құрам: Шевцов, Данаев, Киреев, Багаутдинов 12 мамыр. Қарағанды. «Шахтер». 5 500 көрермен.

 «Тобыл» төрт ұпай озды

      Топ басында келе жатқан қостанайдың «Тобылы» премьер-лигадағы өзінен кейін келе жатқан "Шахтердан" 4 ұпайға ұзап шықты. Бұл нәтиже Х тур аясында өз алаңында «Жетісуді» 2:1 есебімен ұтқаннан кейін орын алды. Өз тарихында бір-бірімен 26 кездесу өткізген қос команда арасындағы ойында қостанайлық команда 12 рет жеңіске жетсе, 8 мәрте «Жетісу» жеңіске жеткен екен. Ал алты ойын тең аяқталыпты. Жақында ғана еліміздің жастар құрамасының бапкері Словодан Крчмаревич тізгінін алған талдықорғандық команда тағы да сүреңсіз ойын көрсетті. Алаңдағы ойынның 17 минутында өз қақпасына доп жіберіп алды. Алайда талдықорғандық команда 64 минутта таразы басын теңестіре білді. Енді қорғаныста сақ ойнауды місе тұтқандай сыңай танытқан болатын. Алайда 81 минутта «Жетісу» қорғанысы тағы да сыр берді. Бұл жолғы доптың авторы – Игорь Бугаев. Осы доп «Тобылға» жеңіс сыйлады. Келесі турда қостанайлық команда «Таразда» қонақта болады.

 «Оқжетпес» ойсырай жеңілді

   Көкшетауда «Оқжетпес» «Ақтөбеге» үлкен есеп айырмасымен есе жіберді. Соңғы турда екі команда да жеңіліс тапқан болатын. Сондықтан да жеңістің ауадай қажет екені де айдан анық. Бұл екі команда тарихында 24 кездесу өтіп, соның екеуінде ғана көкшетаулық команда жеңіске жеткен екен. Бұл ойында С.Смақов өзінің жаңа рекордына қол жеткізді. «Ақтөбе» сапындағы 154 ойыны. Бұған дейін ақтөбелік команда сапында 153 ойын өткізген Д.Юрист тұрған болатын. Енді Смақов шықты. Бұл жігіттің жолын Юрий Логвиненко (141 ойын), Марат Хайруллин (137 ойын), Пётр Бадло (118 ойын) секілді ойыншылар қуып келеді. Ойынның 17 минутында Бадло есеп ашып, ақтөбелік команда алға шықты. Басымдық та қонақтар еншісінде болды. Алғашқы таймның соңына қарай Самат Смақовтың айып соққысынан тепкен добы қарсылас қақпасында тулап жатты. Екінші таймда «Оқжетпес» есепті еселеді. С.Смақовтың голынан ойын тағдыры шешіліп қойғандай болып көрінген болатын. Бұл голдан кейін ойын жандана түсті. Костичтің 80 минуттағы, Лисенковтың 86 минуттағы голдары ойын тағдырын түбегейлі шешіп кетті. Осылайша 14 ұпай еншілеп, бұл команда 7 орында келеді.   Оқжетпес – Ақтөбе 1:4 (0:2) Голдар: Бадло 18 (0:1), Смақов 43 (0:2), Досмағамбетов 54 (1:2), Костич 80 (1:3), Лисенков 86 (1:4) Оқжетпес: Абжанов, Чудинов (Алиев 69), Миланович, Чучман, Кожушко, Янкеп, Махамбетов (Абдукаримов 62), Досмагамбетов, Чеботарь, Самохин (Кенетаев 64), Чагелешвили Қосалқы құрам: Фролов, Кучма, Токенов, Бидненко Ақтөбе: Сидельников, Куат, Смаков, Логвиненко (Лисенков ), Бадло, Малетич, Костич (В. Естигнеев 90), Вукайлович (Дарабаев), Байер, Хайруллин, Климавичус Қосалқы құрам: Павлов, Д. Евстигнеев, Мирошниченко, Илич Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Көпжасаров (Қостанай), Кушебин (Рудный) 12 мамыр. Көкшетау. «Оқжетпес». 1500 көрермен

Мальцев «Ертісті» құтқарды

  Өз алаңында «Таразды» қабылдаған «Ертіс» 1:1 есебімен тең түсті. Өз тарихында бұл екі ұжым 35 кездесу өткізіп, оның 24-де керекулік команда жеңіс тұғырынан көрініпті, ал небәрі екеуінде ғана тараздық команданың мысы басым болған екен. Алғашқы таймның аяқталуына 5 минуттай уақыт қалғанда «Ертіс» ойыншылары өз қақпасынан доп алып шығуға мәжбүр болды. Бұл допты қақпа торында тулатқан Б.Исламхан болатын. Алаң иелері бұл голға жауапты тек 71 минутта ғана бере алды. Гол авторы – Е.Мальцев. Осылайша Мальцев «Ертісті» екінші жеңілістен құтқарды. Екі команда тиісінше төртінші, бесінші орындарға жайғасты. Келесі турда «Ертіс» «Ордабасыда» қонақта болса, «Тараз» өз алаңында «Тобылды» қабылдайды.   Ертіс - Тараз 1:1 (0:1) Голдар: Исламхан 40 (0:1), Мальцев 71 (1:1) Ескертулер: Говедарица 29 - Кургулин 73 Ертіс: Лория (к), Кулибали, Кучера, Говедарица (Струков 46), Чернышов (Мальцев 63), Шомко, Аяганов, Шабалин (Иванов 64), Юрин, Эссомба, Бакаев Қосалқы құрам: Котляр, Пархамчук, Алиев, Утабаев Тараз: Цветков, Мехмедович, Лечич, Пртенияк (Муминов 67), Вукман, Диакате, Кучма, Кургулин (к), Исламхан (Бауржан 76), Сергиенко (Кенбаев 82), Ахметов Қосалқы құрам: Битабаров, Соболев, Суюмагамбетов, Перич Төрешілер: Салий (Усть-Каменогорск), Кенжалинов, Кусаинов (екеуі де - Астана) 12 мамыр. Павлодар. «Центральный». 5200 көрермен  

М.Беранек: «Біз екі ұпай жоғалттық»

«Астана аренада» «Сұңқарды» қабылдаған М.Беранек шәкірттері қарсылас қақпасының саңылауын таба алмай, бір-бір ұпайдан бөлісіп, тең тарқасты. Астаналықтар шабуылдаумен ойнаса, ал қаскелеңдік команда тек қарымта шабуылдармен жауап қайтарып отырды. Қарымта шабуылдар кезінде бірнеше қауіпті сәттер де орын алды. «Астана» екінші таймда да қарап қалмады. 66 минуттағы Кетевоама соққысын қайтарған Андрей Пасеченко өз командасын голдан құтқарды. Бұл екі команда өз тарихында алғаш рет кездесу өткізді. Ойындағы статистикаға көз салып көрейік: Қақпаға тура бағытталған соққы: 18(7) - 8(7) Қақпаға қиыстау бағытталған соққы:: 7(1) - 4(3) Бұрыштама добы: 5(2) - 5(5) Офсайд: 2(1) - 2(1)         Ойын соңынан екі команда бапкерлері пресс-конференцияда бас қосты. Алмас Күлшінбаев «Сұңқар» командасының бапкерінің көмекшісі:  - Мен де бұл матчқа деген қорқыныш болды. «Астанаға» қарсы өз алаңында қарсы ойнау оңай соқпасын білдік. Алаң иелері өздеріне сенімді шықты. Алайда біздің ойыншылар ойынды тең аяқтады, мен соған қуаныштымын.   М.Беранек «Астана» командасының бас бапкері:  - Біз «Сұңқардың» ойын деңгейін білеміз. Олар барлығы 8 доп қана жіберген. Соңғы 5 ойында ешқандай голды өз қақпасына соқтырмаған. Осыдан-ақ «Сұңқар» ойынын бағамдауға болады. Алғашқы он минутта біздің жігіттер жақсы ойнады. Алайда ол қарқын кейін бәсеңдей түсті. Екінші таймда біз алмастырған ойыншылар да жақсы шабуылдар ұйымдастырды.Бірақ мүмкіндіктерін мүлт жіберіп алды. Қорытындысында біз екі ұпай жоғалттық.   «Астана» - «Сұңқар» 0:0 Ескертулер: Нохунек 43, Родригес 75. Астана: Эрич (к), Дмитренко, Бейсебеков (Петрониевич 55), Рожков, Лазаревски, Кетевоама, Конысбаев (Алиев 46), Шахметов, Нусербаев (Дикэ 82), Остапенко, Гридин Қосалқы құрам: Горячий, Бодионг, Прокопенко, Толебаев. Сұңқар: Пасеченко, Амирсеитов, Нохунек, Тонев, Сабиров, Цветкович, Халмуратов (к), Оскенбаев (Шапурин 68), Родригес, Турысбек (Суюнов 83), Булешев (Никезич 61) Қосалқы құрам: Жаменкеев, Молдагалиев, Адамович, Мынбаев. Төрешілер: А. Вишниченко (Костанай), А. Попов (Павлодар), Р. Суюнов (Павлодар). 12 мамыр. Астана. «Астана Арена». 4 000 көрермен

 «Қайсар» қайсарлығын танытты

       Атыраудың «Мұнайшы» стадионында қызылорданың «Қайсарын» қабылдаған жергілікті команда 0:1 есебімен қонақтарға жол берді. Естеріңізде болса өткен турла «Қайсар» соңғы минуттарда «Оқжетпес» қақпасына допты тоғытып, жеңіске жеткен болатын. Бұл жолғы гол ойын соңында емес, екінші таймның 10 минутында соғылды. Алғашқы таймда атыраулықтар жақсы шабуылдар ұйымдастырды. Мүмкіндікті сәтті пайдалана алмады.Чуреевтің Данилюкке жолдаған добы, және Овшиновтың пасы бекер кетті. Бұрыштамадан көтерілген допты қарсылас қақпасына енгізген «Қайсар» ойыншысы Црногорац  еді. Бұл доп қызылордалық командаға жеңіс сыйлады. Өткен маусымда «Қайсар» атыраулық командаға есесін жібермеген екен. Биыл да сол нәтижесін қайталауға тырысатын секілді. «Атырау» - «Қайсар» 0:1 (0:0) Гол: Црногорац 55 Ескертулер: Малков 41, Абдулин 68 Атырау: Бойченко, Сараев (Бикеев 85), Чуреев, Джонатас, Овшинов, Д. Родионов (Нивалдо 56), Миланкович, Семенов, Данилюк, Буач (Фомин 76), Шафф Қосалқы құрам: Плотников, Тркуля, Азовский, Шалекенов Қайсар: Джодж, Абдулин, Малков (Сагындыков 77), Црногорац, Шмаков (Анарметов 46), Эсатов, Балтаев, Сыздыков, Молдакараев, Сытник (Стахив 88), Тагыберген Қосалқы құрам: Прядкин, Нарзилдаев, Кашкавал, Кушеков Төрешілер: Антонов (Павлодар), Курбанов, Шабанов (екеуі де - Алматы) 12 мамыр. Атырау. «Мұнайшы». 3000 көрермен. Х турдан кейінгі жағдай:

О

Команда

О

Ұ

Т

Ұ

Д

Ұ

1

«Тобол»

10

7

2

1

20 - 10

23

2

«Шахтер»

10

6

1

3

17 - 8

19

3

«Акжайык»

10

6

1

3

17 - 11

19

4

«Тараз»

10

6

1

3

11 - 10

19

5

«Иртыш»

10

5

3

2

19 - 10

18

6

«Ордабасы»

9

4

4

1

13 - 7

16

7

«Актобе»

10

4

2

4

13 - 8

14

8

«Кайрат»

10

3

3

4

10 - 13

12

9

«Атырау»

10

3

3

4

9 - 11

12

10

«Астана»

9

3

2

4

10 - 13

11

11

«Сункар»

10

2

5

3

4 - 8

11

12

«Кайсар»

10

3

1

6

9 - 15

10

13

«Жетысу»

10

2

0

8

12 - 23

6

14

«Окжетпес»

10

1

0

9

8 - 25

3

 

Сұрмергендер

О

Ойыншы

Команда

Г (П)

1

Джолчиев Бауыржан «Тобол»

7 (0)

2

Юнузович Эдин «Жетысу»

5 (0)

3

Лечич Мирослав «Тараз»

5 (0)

4

Чагелишвили Давид «Окжетпес»

5 (0)

5

Зенькович Игорь «Акжайык»

5 (2)

6

Кнежевич Йосип «Кайрат»

5 (2)

 

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×