Өзбек футболшылары ерлеуде
«Ақтөбе» командасы трансфер маусымында өз құрамын күшейткен болатын. Команда сапына көршілес өзбектердің бірнеше аяқ доп шеберлері келді. Олар ә дегеннен-ақ алғашқы доптарын соғып та үлгерді. Мәселен Марат Бикмаев «Лашын» командасымен болған ойында көзге түссе, Кападзе ХІІІ турда соңғы минутта гол соғып, «Сұңқарды» сан соқтырған еді. «Шахтермен» өткен XIV турда тағы бір өзбек азаматы Александр Гейнрих ерледі. Ол ойынның 7 минутында Батыс Қазақстандықтардың капитаны Самат Смақовтан керемет пас алып, Қазақстан біріншіліндегі алғашқы голын соқты. Гейнрихтың жалғыз голы Муханов шәкірттеріне жеңіске жетуіне де жеткілікті болды. Айта кетейік, екі ұжым осы уақытқа дейін 41 кездесу өткізген екен. Оның 14-де қарағандылық команданың мысы басым болса, 12 рет «Ақтөбе», 15 мәрте тең тарқасыпты. (Оның 10-ы 0:0) Ал жеңіс голын соққан 27 жастағы Александр Гейнрих келетін болсақ, ол «Пахтакордан» бастап өзбектің бірнеше командасында ойнаған. Сонымен қатар «Динамо Мәскеу», «Сувонг Самсунг» (Корея), «Эмирейтс» (БАӘ) командаларында өнер көрсеткен. Өзбекстан құрамасында 70 ойын өткізіп, 26 гол соққан. Ақтөбе – Шахтер 1:0 (1:0) Гол: Гейнрих 7 Ескертулер: Логвиненко 80, Сидельников 80 – Кукеев 50, Махамбетов 75, Каньяс 80 Ақтөбе: Сидельников, Примус, Смақов (к), Хайруллин (Бадло 90), Кенжисариев, Логвиненко, Ковальчук (Климавичус 86), Гейнрих, Қуат, Бикмаев (Землянухин 88), Кападзе Қосалқы құрам: Нарзикулов, Дарабаев, Тлешев, Лисенков Шахтер: Мокин, Парываев, Тарасов (Аресниджевич 76), Василевич, Киров, Лунин, Каньяс, Вичус, Байжанов (Махамбетов 63), Кукеев, Финонченко (к) Қосалқы құрам: Григоренко, Борантаев, Боровский, Солошенко, Майкич Төрешілер: Хисамутдинов (Павлодар), Құрбанов (Алматы), Ахметбеков (Талдықорған) 24 маусым. Ақтөбе. «Орталық». 9000 көрерменСоңғы минуттағы сергелдең
«Астана» мен «Ордабасы» арасындағы алғашқы ойын Шымкенттегі ауа райына байланысты кейінге шегерілген болатын. Сондықтан да екі клуб бұл маусымда алғаш кездесіп отыр. Тарих парақшасына үңілетін болсақ қос ұжым осы уақытқа дейін 8 кездесу өтіп, оның 4-де оңтүстік команда, 3-де «Астана» жеңсе, 1 ойын тең аяқталған екен. Астанада өткен кездесудің алғашқы минуттарын екі команда аңдап басып, асықпай шабуылдар жасай бастады. Бір-бірінің осал тұсын тауып, мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысты. Ойын қарқыны бірқалыпты өрістеді. Алғашқы таймдағы қауіпті сәт Таңат Нөсербаевтың қақпаға бағыттаған соққысы болды. Доп Алмат Бекбаевтың қолының ұшына тиіп алаң сыртына шығып кетті. Екінші тайм алаң иелерінің шабуылымен басталды. Таңат Нөсербаев пен Сергей Гридин бірнеше қауіпті сәттер тудырды. Алайда қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Вадим Коровкин берген пасына Ұлан Қонысбаев үлгермеді. Қонақтар да қарап жатпады. Оңтүстік команданың капитаны Карповичтің бағыттаған соққысы қақпа бағанынан қайтты. Әйтеуір екі командаға да сәттілік жетіспей жатты. Аса тартысты өткен ойынның тағдыры соңғы минутта шешілді. Остапенконың қорғаушыдан асыра тастаған пасын сәтті пайдаланған Сергей Гридин жеңіс голын соқты. Сонымен соңғы минуттағы Сергейдің голы «Ордабасының» ордасын бұзып кетті. Ойын аяқталғаннан соң төрешілердің төрелігіне қос команда тарапынан біраз сын айтылды: Қайрат НҰРДӘУЛЕТОВ, «АСТАНА» ФК КАПИТАНЫ: - Бүгінгі ойын қиын болды. Біріншіден мына күннің ыстығы бізге біраз өзінің кедергісін тигізді деп ойлаймын. Сондықтан бірінші тайм қиын болды. Жүгіру де қиын, пас беру де қиын. Екінші кезең біршама тартысты өтті. Виктор ПАСУЛЬКО, «ОРДАБАСЫ» ФК БАС БАПКЕРІ: -Мен бұған дейін төрешілердің жұмысына баға берген емеспін. Бірақ бұл жолы бізді ойнатпады. Шәкірттеріме ризамын. Тек оларды аяймын. Негізі тең ойын болу керек еді. Еуропалық деңгейге шығамыз дейміз. Бірақ қазылар әр кез осылай ысқыра берсе не ойын болады?! Енді «Астана» командасы өз алаңында 27 маусымда Қазақстан кубогының 1/8 финалында талғардың «Ақ бұлақ» командасын қабылдайды. Астана - Ордабасы 1:0 (0:0) Гол: Гридин 90+1 Ескертулер: Нұрдәулетов 23, Қонысбаев 63 - Карпович 4, Бабатунде 23, Трайкович 24, Қожабаев 74. Астана: Эрич, Рожков, Дмитренко, Лазаревски, Мұхтаров, Нұрдәулетов, Қонысбаев, Коробкин (Шахметов 90), Бодионг (Остапенко 59), Гридин, Нөсербаев (Петрониевич 78) Қосалқы құрам: Горячий, Алиев, Прокопенко, Белкин Ордабасы: Бекбаев, Мвесигва, Трайкович, Пахолюк (Гуйе 66), Карпович, Аширбеков, Б. Қожабаев, Бейсенов, Тәжімбетов (Джилас 90), Бабатунде (Ирисметов 85), Арури Қосалқы құрам: Нестеренко, Суюмбаев, Иманов, Адырбеков Төрешілер: Сламбеков (Алматы), Журавлёв, Текиев (бәрі - Павлодар). 24 маусым. Астана. «Астана Арена». 5 200 көрермен.Бір сәттік қуаныш
Топ басында келе жатқан Қостанайдың «Тобылы» өз орнын сақтап қалды. Өз алаңында керекудің «Ертісін» қабылдаған алаң иелері 2:2 есебімен тең тарқасты. Қостанайдағы жаңбырлы ауа райы ойыншылардың жоғары жылдамдықтағы қарқынын тоқтата алған жоқ. Ойын ысқырық шалынысымен тартысты басталды. Алғаш болып қонақтар есеп ашты. Эссомбаның айып алаңына асырған добын Юрин «Тобыл» қақпасында тулатты. Есеп 0:1 Өз алаңында намысқа тырысқан алаң қожайындары араға 4 минут салып таблодағы есепті теңестірді. Жұмасқалиевтің шірене тепкен добын Лория қайтара алмады. Есеп 1:1. Осылайша қонақтардың қуанышы көпке созылмады. Ойынның 70 минутында қонақтар тағы да алға озды. 11 метрлік айып добын сәтті орындаған бұрынғы «Тобылдың» үздік шабуылшысы Бақаев еді. Бірақ қонақтардың бұл қуанышы да көпке созылмады. Небәрі 1 минут өтпей жатып Богданов таразы басын теңестіріп кетті. Қорытынды есеп 2: 2 Бұл матчтың үздік ойыншысы Бауыржан Жолшиев болып танылды. Бауыржан қақпашы Лорияны бірнеше рет тығырыққа тіреді. Бірақ сәттілік жолдас бола алмады. Осылайша «Тобыл» биылғы маусымда өз алаңында алғаш рет ұпай жоғалтып отыр. Тобыл – Ертіс 2:2 (1:1) Голдар: Юрин 12 (0:1), Жұмасқалиев 16 (1:1), Бакаев 70 пенальтиден (1:2), Богданов 71 (2:2) Ескертулер: Шливич 39, Кислицын 90 Тобыл: Петухов, Кислицын, Седельников, Концевой, Волков, Джолчиев (Сулей 90+3), Богданов, Шливич, Головской (Аверченко 77), Жұмасқалиев, Бугаев (Костюк 89) Қосалқы құрам: Рихард, Куантаев, Мокроусов, Мангуткин Ертіс: Лория, Чичулин (Утабаев 80), Кулибали, Кучера, Шомко, Говедарица, Иванов (Яковлев 67), Эссомба (Струков 63), Юрин, Шабалин, Бақаев Қосалқы құрам: Котляр, Байжанов, Алиев, Чернышов Төрешілер: Салий (Өскемен), Горда (Көкшетау), Дерцапф (Орал) 24 маусым. Қостанай. «Орталық». 6000 көрермен«Қайсар» ондыққа енді
Қызылордалық «Қайсар» бұл турда да сәтті ойын өрнегін көрсетті. Өз алаңында «Жетісуды» жеңді. Естеріңізге салайық, өткен турда Сыр өңірінің командасы «Шахтерді» ұтқан болатын. Қазір қызылордалық команда «өлім аймағынан» шығып, ондыққа енді. Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионға жиналған жанкүйерлер жылдам голдың куәсі болды. «Қайсарға» жеңіс сыйлаған жалғыз голдың авторы - Фахтали. Қызылордалық команданың бапкерлері жаңа ойыншыларды адаспай сапына қосқан секілді. Осымен үшінші ойын қатарынан команда сапына қосылған жаңа ойыншылар көзге түсуде. Бұл да қызылордалық команданың жетістігі болар. «Қайсар» кезекті екі кездесуін сырт алаңда өткізеді. 27 маусымда Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Қайратта» қонақта болса, ХV тур аясында 1 шілде күні «Таразда» қонақта болады. Қайсар – Жетысу 1:0 (1:0) Гол: Фахтали 4 Ескерту: Белич 48 Қайсар: Джоджо, Абдулин, Балтаев, Црногорац, Эсатов, Фахтали, Анарметов (к), Пархачев (Молдақараев 72), Мамич (Малков 57), Досманбетов (Сыздыков 78), Тағыберген Қосалқы құрам: Прядкин, Сағындыков, Стахив, Нарзилдаев Жетысу: Логиновский, Даутов, Мужиков, Скорых (Сариев 82), Щеткин, Муканов (к), Добрашинович, Белич, Михайлов, Юнузович (Костич 55), Джалович Қосалқы құрам: Спанов, Степаненко, Коробов, Ковалев, Нусипжанов Төрешілер: Пасько (Алматы), Богданов (Семей), Бондар (Караганда) 24 маусым. Қызылорда. 4000 көрермен.Қонақтардың жеңісі мен тең ойын
ХІV турда қонақта екі команда жеңіске жетті. Олар «Тараз» бен «Ақжайық» командалары. Екі ойындағы да есеп 0:1. Қонақтар пайдасында. «Атырау» өз алаңында «Ақжайықтан» жеңіліс тапты. Қос батыстық команда арасындағы ойын тартысқа толы болды. 52 минуттағы Зеньковичтің голы оралдық командаға жеңіс сыйлады. 25 ұпай жинаған «Ақжайық» турнир кестесінің үшінші сатысына көтерілді. «Тараз» қонақта дәл осы есеп айырмасымен қаскелеңнің «Сұңқарынан» басым түсті. Ойындағы гол 90 минутта соғылды. «Тараз» қоржынына 3 ұпай салған голдың авторы – Диаккате болды. Көкшетауда жергілікті команда «Оқжетпес» «Қайратпен» ұпай бөлісті. Екі команда арасындағы ойында есеп ашылмады. Атырау – Ақжайық 0:1 (0:0) Гол: Зенькович 52 Ескертулер: Джонатас 55, Хохлов 59 – Хаиров 42, Цирин 62 Атырау: Бойченко, Овшинов, Джонатас, Тркуля (Буач 71), Чуреев, Фомин (Хохлов 46), Бикеев (Сараев 46), Миланкович, Семенов, Сигурдсон, Шафф Қосалқы құрам: Плотников, Е. Азовский, Сейткалиев Ақжайық: Цирин, Алиев, Хлебоун, Данаев, Хайров, Забродин, Коструб, М. Азовский, Черны (Зотов 89), Саджо (Семлер 82), Зенькович (Мальцев 90+) Қосалқы құрам: Багаутдинов, Шевцов, Стойчев, Эрбес Төрешілер: Гороховодацкий (Алматы), Оспанов, Ибрагимов (бәрі - Шымкент) 24 маусым. Атырау. «Мұнайшы». 3500 көрермен Сұңқар - Тараз 0:1 (0:0) Гол: Диаккате 90+4 Ескертулер: Цветкович 32, Нургалиев 90+3 – Вукман 27, Лечич 70, Кучма 87 Сұңқар: Пасеченко, Сабиров, Тонев, Нохунек, Оскенбаев, Вукобратович Байтана (Серикжанов 71), Нургалиев, Овсянников (Савенас 77), Цветкович, Кусаинов (Турысбек 83). Қосалқы құрам: Кувшинов, Молдагалиев, Кукеев, Халмуратов Тараз: Цветков, Мехмедович, Лечич, Перич (В. Евстигнеев 57), Вукман, Диаккате, Кучма, Исламхан (Красич 73), Сергиенко, Д. Евстигнеев, Ахметов (Амирханов 90+3). Қосалқы құрам: Муминов, Суюмагамбетов, Шерхан, Битабаров Төрешілер: Карлибаев (Уральск), Копжасаров (Костанай), Кушебин (Рудный) 24 маусым. Алматы. «Динамо». 1500 көрермен Оқжетпес – Қайрат 0:0 Ескертулер: Джорджевич 22, Абдраманов 71, Таласбаев 77 Оқжетпес: Багинский, Чучман, Милованович, Михайлюк, Мендизов, Головешкин (Алиев 55), Просеков (Кенбаев 65), Дяк (к), Чагелишвили (Досмагамбетов 83), Кучма, Янкеп Қосалқы құрам: Осипчук, Токенов, Нургалиев, Кенетаев Қайрат: Нурмухаметов (к), Гурман, Воротников, Джорджевич, Левин, Дафф, Калинин, Сахалбаев (Абдраманов 66), Эредия (Таласбаев 73), Утробин, Йованович (Ахметов 59) Қосалқы құрам: Шабанов, Кунов, Розыбакиев, Даулетбаков Төрешілер: Гаузер (Петропавл), Мельников, Козлов (бәрі - Ақтау) 24 маусым. Көкшетау. «Оқжетпес». 1500 көрермен
|
Өмірбек САНСЫЗБАЙ
Біздің серіктес: FONBET