Шолу. «Тобыл» топ бастады

07.05.2012, 08:44
Шолу. «Тобыл» топ бастады

 Футболдан ел премьер-лигасының ІХ тур ойындары да аяқталды. Көш бастап келе жатқан «Ақжайық» «Ордабасы» командасына есе жіберді. Қостанайлық «Тобыл» командасы қонақта «Ақтөбені» қапыда қалдырып, турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді. Ал, осы турдағы басты жаңалық ретінде ұлттық құрамамыздың бас бапкері Беранектің «Астана» командасымен Қазақстан премьер-лигасында тұсауының кесілуі. Бұдан былай елордалық ұжымды баптайтын Беранек мырзаның осы турда жаңа командасымен алғашқы жеңіске жеткеніне де куәгер болдық.

Беранек береке әкеле ме?

«Астана» – «Шахтер» 1:0 (1:0) Голдар: Рожков 12 Ескертулер: Дмитренко 56 – Джидич 12, Финонченко 37. «Астана»: Эрич (к), Бейсебеков, Рожков, Дмитренко, Лазаревски, Шахметов, Кетевоама (Әлиев 67), Қонысбаев (Дикэ 90+2), Нөсербаев (Петрониевич 81), Остапенко, Гридин Қосалқы ойыншылар: Прокопенко, Горячий, Белкин. «Шахтер»: Мокин, Парываев, Тарасов, Джидич, Киров, Майкич (Аресниджевич 46), Байжанов, Каньяс, Көкеев (Досманбетов 85), Лунин (Хижниченко 46), Финонченко (к). Қосалқы ойыншылар: Григоренко, Борантаев, Боровский, Вичюс. Төрешілер: Рахымбаев (Алматы), Ходин, Шарипов (екеуі де – Атырау). 6 мамыр. Астана. СК «Астана Арена». 6000 көрермен.   “Астана” командасының бас бапкері болып Мирослав Беранек келгеннен кейін елордалық ұжым “Шахтерге” қарсы кездесуде қандай нәтиже көрсетер екен дегендей сансыз сұраулар туындаған болатын. Ұлттық құрама бапкері биылғы маусымды өте сәтсіз бастаған командаға қандай шара қолданар екен деген күмән тұрды ойын алдында. Алға жүгіре айта кетелік, осы сауалдарымызға біз жеткілікті жауап алған сияқтымыз. Екі ұжым сапында ұлттық құрама командамызда өнер көрсететін ойыншылар жеткілікті еді. Және жақын арада 2 жолдастық кездесу өткізетін басты командамызға бұл дайындық іспеттес болды десекте артық емес. Себебі, Беранектің алдында ойқастағысы келген қос команда ойыншылары матчқа барлық күш-жігерлерін салып, өздерін толықтай көрсеткілері келді. Ойынның өзіне тікелей келетін болсақ елордалықтар алғашқы минуттардан бастап шабуылға лап қойды. Екі бірдей бойшаң шабуылшы негізгі құрамға еніпті. Гридин мен Остапенко Сергейлер әуелеп келген пастың барлығына таласып, қақпаға қауіп төндіре түсті. Бірақ, алғашқы гол баспен соғылғанымен оның авторы шабуылшы емес қорғаушы болды. Абзал Бейсебековтың алаң жиегінен ойынға қосқан добы бірден айып алаңының орта шеніне дейін ұшты. Қарбаласқан сәтте шапшаң қимылдай білген Михайл Рожков Мокин қақпасының алыс бұрышына допты тоғытты. Осыдан соң, екінші тайм барысында да баспен гол соғатын керемет мүмкіндікті астаналықтар мүлт жіберіп алды. Ұлан Қонысбаевтың асырған керемет пасына бірінші болып үн қатқан Сергей Остапенко ұрымтал сәтті құр жіберіп алды. Оның баспен бағыттаған соққысы өте әлсіз шықты. Әйтпегенде елордалықтар есепті еселеп кетулері әбден мүмкін еді.

 

Соңғы минуттағы сергелдең

«Қайсар» – «Оқжетпес» 1:0 (0:0) Голдар: Црногорац 87 Ескертулер: Абдулин 49, Црногорац 87  Янкеп 14, Абжанов 71, Чучман 86 Алаңнан қуылған: Вагнер 83 «Қайсар»: Джоджо, Абдулин, Малков (Молдақараев 73), Шмаков, Эсатов, Балтаев (Сағындықов 46), Сыздықов (Анарметов 46), Вагнер, Сытник, Тағыберген Қосалқы ойыншылар: Прядкин, Нәрзілдаев, Стахив, Кашкавал «Оқжетпес»: Осипчук (Абжанов 6), Чудинов, Милованович, Чучман, Кожушко, Янкеп, Якименко, Дяк, Махамбетов, Досмағамбетов (Самохин 69), Чегелишвили Қосалқы ойыншылар: Төкенов, Чеботарь, Әлиев, Әбдікәрімов, Валиулин Төрешілер: Абданбаев, Полуэктов, Чжен (барлығы – Тараз) 6 мамыр. Қызылорда. «Локомотив». 3000 көрермен.   Қызылордада  біріншіліктің аутсайдерлерінің арасында теке тірес өтті. Турнир кестесінің соңынан ойып тұрып орын алған қос ұжым бұл жолы 6 ұпайға талас жүргізді десек те болады. Ойын барысы толықтай тең дәрежеде өткенімен соңғы минуттарда «Оқжетпес» қорғанысы сыр беріп қойды. Соны сәтті пайдаланған Сыр өңірінің аяқдопшылары стандартты жағдайдан есеп ашып, үш ұпайды еншілеп кетті. Енді «Қайсар» «Жетісу» командасын артқа тастап, бір сатыға болса да көтеріліп кетті. Ойын соңынан «Қайсар» бас бапкері Владимир Никитенко өз ойын ашық айтты. «Биылғы біріншілікте біз бірінші рет бірінші нөмермен ойнап отырмыз. Ол дегеніміз – қарсыласты бірінші болып шабуылдау. «Оқжетпестің» мығым қорғанысын бұзу біз үшін өте қиын болды. Тек кездесудің соңғы минутында ғана сәттіліктің арқасында жеңісті жұлып әкеттік», - деген болатын жаңадан тағайындалған бас бапкер.  

«Ич-тердің» күні

«Тараз» – «Қайрат» 2:1 (1:0) Голдар: Лечич 16 (1:0), Перич 51 (2:0), Кнежевич 87 (2:1) Ескертулер: Перич 56, Цветков 90+2 – Недашковский 39, Гурман 45+1 «Тараз»: Цветков, Мехмедович, Лечич, Перич (Пртенияк 71), Вукман (Мүмінов 90+2), Диакате, Кучма, Кургулин, Исламхан (Сүймағамбетов 85), Сергиенко, Ахметов Қосалқы ойыншылар: Битабаров, Соболев, Бауржан, Кенбаев «Қайрат»: Нұрмұхаметов, Джорджевич, Гурман, Мамонов, Левин, Дафф (Сахалбаев 61), Шестаков, Недашковский, Розыбакиев (Эредия 73), Кнежевич, Иованович Қосалқы ойыншылар: Шабанов, Воротников, Жолдасов, Балтиев, Калинин Төрешілер: Кучин, Бондар (екеуі де – Қарағанды), Богданов (Семей) 6 мамыр. Тараз. «Орталық». 5500 көрермен.

Өз алаңында кез-келген қарсыласты ұтып жіберіп отырған «Тараз» бұл жолы да дәстүрді аттамады. Қанша дегенімен киелі жердің ұжымы болғандықтан, әулиеаталықтар намысқа тырысып жеңісті жолды одан әрі жалғастыра білді. Әр тур сайын гол ұрып жүрген Мирослав Лечич «Таразды» тағы да өрге сүйреді.

Одан кейін оның отандасы Перич гол соғып, есепті еселесе, «Қайрат» сапынан да жауап қататын бір «Ич» шықты. Хорватиялық Кнежевичтің соққан голы Огай командасына ұпай еншілеу үшін жеткіліксіз болып шықты.

 

Дәуренбектің дубльі

«Ордабасы» – «Ақжайық» 2:0 (0:0) Голдар: Тәжімбетов 47, Тәжімбетов 62 Ескертулер: Карпович 39, Мвесигва 66 – Зенькович 3, Зотов 44 «Ордабасы»: Бекбаев, Мвесигва, Трайкович, Пахолюк, Карпович, Әшірбеков, Гуйе (Джилас 72), Касьянов (Сүйімбаев 89), Б. Қожабаев, Тәжімбетов (Ырысметов 84), Арури Қосалқы ойыншылар: Нестеренко, Жалмағамбетов, Бейсенов, Адырбеков «Ақжайық»: Цирин, Әлиев, Хлебоун, Валканов, Омаров, Коструб, Зотов (Мальцев 82), Эрбес (Забродин 72), Стойчев, Семлер, Зенькович Қосалқы ойыншылар: Багаутдинов, Шевцов, Хаиров, Киреев, Данаев Төрешілер: Вишниченко (Қостанай), Мельников, Козлов (екеуі де – Ақтау) 6 мамыр. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион. 3000 көрермен.   Турнир кестесінде топ бастап келе жатқан оралдың «Ақжайығы» бұл турда жеңіліс тауып, екінші сатыға сырғыды. Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионға жиналған 3000-нан астам жанкүйер «Ордабасы» командасына дем беріп отырды. Бұл екі ұжым осыған дейін өз тарихында 8 рет кездесу өткізіп, төрт рет «Ордабасы», төрт рет «Ақжайық» жеңген екен. Биылғы маусымда өз алаңында жеңіліссіз келе жатқан команда, бұл жолы да барын салды. Қош, сонымен ойынға оралайық. Алғашқы он минутта қонақтар басымдық танытты. В.Пасулько шәкірттері қарымта шабуылдармен ғана шектеліп отырды. Жанкүйер демеуімен жігерлене түскен «Ордабасы» ойын тізгінін біртіндеп қолына ала бастады. Әсіресе, алғашқы таймда «Ордабасы» сапынан М.Гуйе ерекше көзге түсті. Осылайша алғашқы таймда екі команда бір-бірінен қақпа саңылауын таба алмады. Екінші таймға алаң иелері желпініп шықты. В.Пасулько «Ақжайықтың» осал тұсын дөп тауып, шәкірттеріне дұрыс кеңес айта білген секілді. 47-минутта алаң иелері есеп ашты. Гол авторы – Д.Тәжімбетов. Қонақтар доп жіберіп алғаннан кейін белсене бастады. Алайда6 «Ордабасы» қорғанысы сыр бермеді. 66- минуттағы Дәуренбектің екінші голы команданы жеңіске жетелей түсті. Одан кейінгі ойын бірсыдырғы қалыппен өрбіді. Осылайша алаң иелері өз алаңында кезекті жеңісін тойлады.

«Жетісу» жеңілісі жалғасуда

«Жетісу» – «Ертіс»  1:2 (0:0) Голдар: Құсайынов 58 (1:0), Юрин 65 (1:1), Аяганов 89 (1:2) Ескертулер: Джалович 28, Иванов 53, Шабалин 54 «Жетісу»: Степаненко, Щеткин, Коробов (Құсайынов 35), Тревунович (Марич 72), Цветкович, Михайлов, Юнузович, Берікбаев (Ковалев 82), Джалович, Скорых, Мұқанов Қосалқы ойыншылар: Марич, Құсаинов, Ковалев, Сариев, Серікжанов, Спанов, Логиновский «Ертіс»: Лория, Кулибали, Кучера, Говедарица, Шомко, Отабаев, Шабалин (Пархамчук 90+), Иванов (Аяғанов 70), Юрин, Струков (Эссомба 60), Бақаев Қосалқы ойыншылар: Котляр, Аяғанов, Байжанов, Чернышов, Пархамчук, Әлиев, Эссомба Төрешілер: Соколов (Астана), Лесив, Обрядов (екеуі де – Семей) 6 мамыр. Талдықорган. «Жетісу» Орталық стадионы. 4000 көрермен.   Талдықорғандық команданың биылғы маусымда жолы болмай келеді. Команданың бас бапкері бір сұхбатында: «Дайындық кезінде ойыншылар сақадай-сай болады, алайда ойын сәтінде сәтсіздіктен арыла алмай келеміз» деген болатын. Нұрғалиев, Даутов, Мұжықов сынды ойыншылардың жарақатына байланысты алаңға шықпауы «Жетісуге» өз әсерін тигізуде. ІХ турда «Жетісу» мен павлодардың «Ертісі» бақ сынасты. Бұл екі команда осыған дейін ел чемпионатында 30 кездесу өткізген екен. Соның небәрі алтауында ғана «Жетісу» жеңіске жеткен екен. Жиырмасында керекулік команда жеңіс туын желбіретсе, төрт матч тең аяқталыпты. Ал, осы кездесуде үш ұпай еншілеген қонақтардың қадамын ерлік деп бағалауға да тұратын сияқты. Алғашқы болып есеп ашқан алаң иелері болатын. Бірақ, артынша Талғат Байсуфинов командасы есін жиып, есепті теңестірді. Сәтсіздіктер сериясынан шыға алмай жүрген «Жетісу» осы ойында да ұпай еншілей алмай кетті. Соңғы екі кездесуін ұтылып қалған керекуліктерді бұл жолы Аяғанов тығырықтан алып шықты.

 

"Эль-классико". Қазақстандық нұсқа

«Ақтөбе» – «Тобыл» 0:1 (0:1) Голдар: Концевой 2 Ескертулер: Климавичус 30, Смаков 34, Бадло 63 – Аверченко 11, Джолчиев 43 «Ақтөбе»: Сидельников, Смақов, Логвиненко, Бадло, Малетич, Климавичус, Байер, Лисенков (Мирошниченко 62), Дарабаев (Вукайлович 58), Хайруллин, Илич (Костич 62) Қосалқы ойыншылар: Павлов, Д. Евстигнеев, Мокроусов, Курмашев «Тобыл»: Рихард, Концевой, Джоннес, Богданов, Аверченко (Костюк 46), Шливич, Жұмасқалиев, Волков, Кислицын, Головской (Бугаев 60), Жолшиев Қосалқы ойыншылар: Петухов, Куртиши, Нұрғалиев, Қуантаев, Малышев Төрешілер: Дүзмәмбетов (Өскемен), Ахметбеков (Талдықорған), Хасап (Шымкент) 6 мамыр. Ақтөбе. «Орталық». 10 000 көрермен. Қазақстандық «эль-классико» деп аталатын бұл матчта алаң қонақтары жеңіске жетті. «Ақтөбе» командасы жергілікті жанкүйердің алдында өз өнерін көрсетуге ұялатын сияқты. Өздерін толықтай ашып, маңызды ұпайға Мұқанов шәкірттері қол жеткізе алар емес. Өйткені ақтөбеліктердің өз алаңына қарағанда сырт қалаларда өткізіп жүрген кездесулерінде үнемі үш ұпай еншілеп қайтатынын мысалға келтіруге болар. Кезінде Ресей футболында тізе қосып қызмет еткен Мұқанов пен Грозныйдың арасындағы бапкерлік теке тіресте атына заты сай «Тобыл» командасының бапкері жеңіске жетті.

ІХ-турдағы жалғыз тең ойын

«Сұңқар» – «Атырау» 0:0 Ескертулер: Бөлешев 76, Цветкович 89 – Родионов 28, Шалекенов 87 «Сұңқар»: Пасеченко, Әмірсейітов, Нохунек, Тонев (Молдағалиев 51), Сабиров, Цветкович, Сүйінов, Халмуратов (Адамович 43), Родригес, Шапурин (Андреев 66), Бөлешев Қосалқы ойыншылар: Враньич, Мынбаев, Оскенбаев, Халыков. «Атырау»: Бойченко, Сараев, Чуреев, Джонатас, Овшинов, Родионов, Миланкович, Семенов (Фомин 86), Данилюк (Шалекенов 68), Буач (Нивалдо 56), Шафф Қосалқы ойыншылар: Плотников, Бикеев, Тркуля, Азовский Төрешілер: Холматов (Қызылорда), Оспанов, Ибрагимов (екеуі де – Шымкент) 6 мая. Алматы. Стадион «Динамо». 1000 көрермен.   ІХ тур аясында өткен ойындарда жалғыз тең ойын тіркелді. Ол «Сұңқар» мен «Атырау» командалары арасындағы матчта. Бұл екі команда да өткен турда жеңіске жеткен болатын. «Сұңқар» мен «Атырау» арасындағы матчта ойын тең дәрежеде өтті. Алғашқы шабуылды қонақтар бастағанмен, ойынның 8 минутында Ә.Булешов қарсылас қақпасына гол соға білді. Алайда қапталдағы төреші ойыншының ойыннан тыс қалғанын ескертіп, доп есептелмеді. Екі команда арасындағы ойынның соңына қарай «Сұңқар» гол соуға барынша талпынып бақты. Бірақ, нәтиже шықпады. Ойын соңынан пресс-конференцияда «Атырау» командасының бапкері Ю.Коньков: «Бізге бүгінгі ойында ауа-райы қолайсыздық танытты. Әйтпесе жеңіске жетуге болатын еді. «Сұңқардың» ойыны маған ұнады»-деп қысқа қайырды. Осылайша екі команда бір-бір ұпайдан бөлісті.

Гол+пас

Өткен турда жаңадан команданы қабылдап, премьер-лига додасына араласып кеткен Владимир Никитенко «Қайсармен» осы турда жеңіске жетті. Сондай-ақ, маусым барысында тағайындалып жатқан бапкерлер арасында Мирослав Беранектің де келе сала «Астана» ойынын бір ізге қоя білгендігін айта кеткеніміз жөн. «Оқжетпес» командасында осы күнге дейін бапкер мәселесі қиындап тұрғандығын білеміз. Қалған жаттықтырушылар әзірге өз орындарында отырғанымен, жақын арада «Жетісу», «Сұңқар», «Қайрат» командаларының бапкерлері ауысып қалуы әбден мүмкін.

 Дайындағандар - Ермұхамед МӘУЛЕН, Өмірбек САНСЫЗБАЙ

Футбол. Премьер-лига. 9-турдан кейінгі жағдай  
О Ұ Т Ұ Д Ұ
1 «Тобыл» 9 6 2 1 18 - 9 20
2 «Ақжайық» 9 6 1 2 16 - 8 19
3 «Тараз» 9 6 0 3 10 - 9 18
4 «Ертіс» 9 5 2 2 18 - 9 17
5 «Шахтер» 9 5 1 3 14 - 7 16
6 «Ордабасы» 8 4 3 1 12 - 6 15
7 «Атырау» 9 3 3 3 9 - 10 12
8 «Ақтөбе» 9 3 2 4 9 - 7 11
9 «Қайрат» 9 3 2 4 9 - 12 11
10 «Астана» 8 3 1 4 10 - 13 10
11 «Сұңқар» 9 2 4 3 4 - 8 10
12 «Қайсар» 9 2 1 6 8 - 15 7
13 «Жетісу» 9 2 0 7 11 - 21 6
14 «Оқжетпес» 9 1 0 8 7 - 21 3
 
Мергендер
Г (П)
1 Жолшиев Бауыржан «Тобыл» 7 (0)
2 Юнузович Эдин «Жетісу» 5 (0)
3 Лечич Мирослав «Тараз» 5 (0)
4 Чагелишвили Давид «Оқжетпес» 5 (0)
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
"Ордабасы" жеңіске жетті
Келесі жаңалық
Еуро-2012 әнұраны
Серіктес жаңалықтары
×