Шоқан Абзалов: «Премьер-лигадағы 2 бірдей клубтан ұсыныс түсті»

31.12.2021, 18:08
Футболшы соңғы шешімді қаңтар айында қабылдамақ.
Шоқан Абзалов: «Премьер-лигадағы 2 бірдей клубтан ұсыныс түсті»

«Қайсардың» белді ойыншысы Шоқан Абзалов клубтың медиа қызметі ұйымдастырған тікелей эфирде алдағы жоспарларымен, сондай-ақ команданың соңғы жаңалықтарымен бөлісті:

- Өткен жыл өкінішке қарай біздің клуб үшін сәтсіз аяқталды. Жаңа маусымда Бірінші лигада бақ сынап, Премьер-лига жолдамасын жеңіп алу үшін жұмыс істейміз. Жақында команданың жаңа бапкері тағайындалды. Жергілікті маман Сұлтан Тоқатайұлымен бірлесіп, жаңа мақсаттарды орындауға тырысамыз.

10 желтоқсаннан бастап алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Бұл жиын формамызды қалыпқа келтіруге үлкен септігін тигізді.

Қаңтар айында Шымкент қаласында кезекті оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Бұл футболшылардың әлеуетін анықтайтын жиын болмақ.

Премьер-лигадағы 2 бірдей клубтан ұсыныс түсті. Қазір ой үстінде жүрмін. Нақты шешімді жаңа жылдан кейін қабылдайтын боламын.

Келер маусымда команда сапынан жергілікті жас футболшылардың арасынан Елжас Сарбай, Өркен Махан, Айбол Жахаев, Ерболат Рүстемов, Ерболат Серік, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов, Нұрым Салайдын, Бауыржан Мағжанды көргім келеді.

«Қайсардың» барша жанкүйерін жаңа барыс жылымен құттықтаймын. Жыл табысты, ырысты, берекелі болсын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×