«Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Тимур Рудосельский алматылық клубтың ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы теке-тірестегі мүмкіндігін бағалады.
Командалардың бірінші ойыны ертең Шотландия жерінде болады. Жауап матч 26-тамызда Алматыда өтеді.
«Рафаэль Уразбахтиннің командасы мүмкін емес нәрсенің жоқтығын дәлелдеп тастады. Олар өз елінің мықты деген үш клубын жолдан тайдырды, мұның өзі неге тұрады. Мұндай матчтарда қарсыластың мәртебесі екінші кезекке кетіп, шешуші маңызға тәртіп пен өз мүмкіндігіңді мүлт жібермеу секілді дүниелер ие болады. Егер де «Қайрат» етек-жеңін жинап, сауатты ойнап, өзіндегі мүмкіндіктерді мүлт жібермесе, меніңше, сенсация жасап Чемпондар Лигасының жалпы кезеңіне шыға алады. «Қайраттың» екі ойында тиімді нәтижеге жете аларына сенемін», - деді Т. Рудосельский Sports24.kz.-ке берген сұқбатында.
«Қайрат» алғашқы 3 кезеңде «Олимпия» (Словения), «КуПС» (Финляндия) және «Слован» (Словакия) командаларын жеңіп, шешуші раундқа аяқ басты.