Шотландиялық басылымдар «Қайраттың» соңғы жеңілісінен қандай ұтымдылық байқады?

18.08.2025, 12:14

Шотландиялық TheCelticBhoys.com сайты алматылық «Қайраттың» Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында сенбі, 16 тамыз күні, өз алаңында семейлік «Елимайдан» күтпеген жерден жеңіліп қалғанына назар аударды.

Шотландиялық басылымдар «Қайраттың» соңғы жеңілісінен қандай ұтымдылық байқады?
«Қайрат» ФК

«Қайрат» өз алаңындағы ойында жеңісті уыстан шығарып алды. Ал алдағы сәрсенбі, 20 тамызда олар сырт алаңда «Селтикке» қарсы өнер көрсетпек.

 

— Алматылық «Қайрат» «Селтикке» қарсы ойынға сәтсіз нәтиженің көлеңкесінде келеді. Демалыс күндері олар Қазақстан чемпионатында жеңіліс тапты. Алғашқы минуттарда-ақ Эдмилсон дубль жасап, «Қайратты» алға шығарған болатын. Дегенмен кейін үш гол жіберіп, 2:3 есебімен ұтылды. Бұл жағдай олардың өз-өзіне деген сенімін аздап шайқалтуы мүмкін.

 

«Селтик» өз алаңындағы кездесуде міндетті түрде жеңіске жетуі тиіс. Басқа кез келген нәтиже қанағаттанарлық болмайды. Команда сырт алаңдағы қарымта ойынға дейін басымдыққа ие болуы керек. Брендан Роджерстің ұжымының сәрсенбі күнгі басты мақсаты – осы», – деп жазды басылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×