Шотландиялық команда Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытуда

10.11.2025, 19:30

Шотландияның "Данди Юнайтед" клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебекке көз тігіп отырған бірнеше Еуропалық команданың бірі, дер хабарлайды, Aladop.kz.

 

Шотландиялық команда Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытуда

Клуб ойыншыны жіті бақылауда және ресми ұсыныс жасауға ниетті. 

Ғалымжан Кенжебек өткеү маусымда 36 матчқа қатысып, 12 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Жалпы 18 голға тікелей қатысқан.

“Данди Юнайтед” командасы Шотландия лигасының биылғы маусымында 11 ойыннан кейін 14 ұпаймен 7-ші орында тұр. Ал көш басында тағы да бір Қазақстандық футболшы Ислам Чесноковтың болашақ командасы “Хартс” 30 ұпаймен. Олар “Қайраттан” ұтылып Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыға алмаған “Селтиктен” 7 ұпайға алда келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×