Edinburgh News журналисі Барри Андерсон Ислам Чесноков пен «Хартстың» арасындағы жағдайға қатысты тың ақпараттар айтты.
Британиялық тілші сондай-ақ, «Тобыл» көшбасшысының мықты тұстары туралы да тоқталып өткен болатын.
«Тобыл» Чесноковты келісімшарты аяқталғанша сатып жіберуге дайын. Ол осы жылдың қарашасында еркін агент атанғанда «Хартс» алғашқылардың бірі болып футболшымен келісімшартқа отыруға ниетті. Олар «Тобылмен» алтын санды трансфердің сомасы жөнінде келіссөздер жүргізді және қазір де жалғасуда.
Чесноков Қазақстанда жоғары бағаланады әрі халықаралық деңгейде үнемі өнер көрсетіп жүр. Қақпаны нысанаға алған, жылдам шабуылшы. «Тобыл» футболшыны ұстап қала алмайтынын біледі және келісімшартының аяқталуына 11 ай қалғандықтан дәл қазір сатуы тиіс.
Футболшының өзі мансабын Ұлыбританияда жалғастырудан кетары емес және «Хартсты» жаңа саты ретінде көреді, алайда, бұл істі аяғына дейін жеткізуге біраз кедергі бар. Чесноковтың қазіргі нарықтық құны 700 000 стерлинг, бірақ, «Хартс» ойыншының келісімшарты жыл соңында аяқталатындықтан осы сомадан әлдеқайда аз ақша төлейді», - делінген журналистің жазбасында.
Айта кетейік, жақында біраз ақпарат көздері Ислам Чесноковты шотландияның «Хартсына» ауысады деген. Алайда, британиялық клубтың өзі бұл жағдайды теріске шығарған болатын.
Біздің серіктес: FONBET