Қазақстан құрамасының жарық жұлдызы Ислам Чесноковтың әлеуетіне Еуропалық талдау жасады деп хабарлайды Aladop.kz.
Исламның жаңа командасы “Хартсқа” жақын саналатын Hearts Standard басылымы Қазақстандық вингердің ойынына талдау жасап, оның Шотландия чемпионатында неге табысты болатынын жіпке тізгендей етіп жазып шықты.
Еуропалық сарапшылар Чесноковтың бойынан қандай сиқыр байқады?
Эдинбургті таңдай қақтырған 5 қасиет:
• Тактикалық кемелдік: Ислам — алаңда жай ғана жүгірмейтін, ойынның суретін терең түсінетін интеллектуалды футболшы.
• Әмбебап соққы: Ол тек дәстүрлі қанатта ғана емес, әмбебап вингер рөлін де шебер атқарады. Ортаға қарай ойысып, күтпеген соққы жасауы — қарсылас үшін нағыз қауіп.
• Допқа иелік ету шеберлігі: Оның допты бақылауы мен алаңды көру қабілеті Шотландиялық мамандарды ерекше тәнті еткен.
• Жылдамдық пен ырғақ: Ойын қарқынын кез келген сәтте өзгертіп, қорғаушыларды шатастырып кету — Чесноковтың басты қаруы.
• Командалық рух: Hearts Standard басылымы Исламның жеке басынан бұрын, команданың мүддесін жоғары қоятын, жанқиярлық ойынын жоғары бағалап отыр.
Шотландиялық басылымның мұндай ашық мақтауы жайдан-жай емес. Бұл — Чесноковтың Еуропалық деңгейге дайын екенінің айқын дәлелі.