Шпилевский: «Бәрі қателеседі, және біздің де оған құқығымыз бар»

19.10.2020, 19:00
Алматылық ұжым келесі турда «Каспиймен» ойнайды.
Шпилевский: «Бәрі қателеседі, және біздің де оған құқығымыз бар»

"Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский Премьер-лиганың 13-туры аясындағы "Жетісумен" (4:2) болған ойын туралы пікір білдірді.

- Мен 2:0 есебінен кейін көрсеткен менталитет үшін ойыншыларыммен мақтанамын. Жеке қателіктер үлкен спортта да болады, бәрі қателеседі және біздің де оған құқығымыз бар. Жігіттердің реакциясы керемет болды, олар ойынды толығымен өз бақылауына алды. ⠀⠀

Бізде өз ұлттық құрамаларында, әртүрлі елдерде және әртүрлі уақыт белдеулерінде болып қайтқан 14 ойыншы болды, сондықтан бұл ойынға дайындалу қиын болды. Біз өз мүмкіндігімізді барынша пайдаландық және жігіттердің алдында тағы да рахмет айту керек деп ойлаймын. Бірақ барлық мүмкіндіктерді пайдалана алмадық - бұл футбол, ондай болып тұрады. Мен бүгін команда үшін қуаныштымын! Бір-біріміздің қателіктерімізді түзетіп, соңына дейін күрестік.

Енді тез қалпына келіп, келесі ойынға дайындалуымыз керек, қарсыласымыз жақында ел чемпиондарын жеңді. Біз алғашқы минуттардан бастап жақсы ойын көрсетуіміз керек. Жігіттердің барлығы сауығып, қатарда болады деп ойлаймын. Алға қарай қозғалуды жалғастыратынымызға сенімдімін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×