Шпилевский: «Біз бұл матчты бір жыл күттік»

28.08.2020, 16:39
«Қайрат» келесі қарсыласын 31 тамызда білетін болады.
Шпилевский: «Біз бұл матчты бір жыл күттік»

Қайраттың бас бапкері Алексей Шпилевский УЕФА Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі армениялық "Ноаға" қарсы матч (4:1) туралы пікір білдірді:

- Біз оң нәтижеге қол жеткізіп, екінші іріктеу кезеңіне өткенімізге өте қуаныштымыз. Біз бірінші қадамды жасадық және әрі қарай жүреміз. Менің ойымша, ойынды тәжірибелі ойыншылармен бастағанның өзінде сенімсіз ойнадық. Осыған байланысты қателіктер пайда болды. Ия, алаң тайғақ болды, дегенмен біз бұрын жібермеген өрескел қателіктер жібердік.

Жігіттерді түсінуге болады, біз бұл матчты бір жыл күттік. Қорқыныш болды, осыған байланысты алғашқы матчымыз ұқыпты болды. Ойын барысында есеп теңестірілгеннен кейін жігіттер өздеріне сенімді бола бастады. Ойыншы ауыстырғаннан кейін бізде көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ соңғы сәтте біз қате шешімдер қабылдадық немесе пасты дәл жеткізе алмадық. Есеп мүлдем басқаша болу карек еді.

Біз бүгін техникалық, сапалы футбол көрсеткен өте жақсы командамен ойнадық. Оларда мүлдем басқа ойын стилі бар, олар ойнағылары келді, бізді алаңның барлық бөлігінде әбігерге салды, соның ішінде диагональді пастары ерекше болды. Бірінші таймда біз бұл пастардың алдын-алу үшін қысым жасай алмадық. Үзілістен кейін ол реттеліп, екінші таймда жақсы ойнай бастадық және қарсыласымыз қапталдан көп шабуыл жасай алған жоқ. Жалпы, мен қанағаттанамын. Енді біз тез қалпына келіп, жексенбіде қиын қарсыласқа қарсы чемпионатта ұпай жинауымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×