Шпилевский: «Бізде бір-бірін сыйлайтын және бағалайтын өте мейірімді ұжым бар»

23.10.2020, 17:53
«Қайрат» 26 қазан күні «Тобылмен» ойнайтын болады.
Шпилевский: «Бізде бір-бірін сыйлайтын және бағалайтын өте мейірімді ұжым бар»

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «Каспиймен» (3:1) болған кездесуді қорытындылады:

- Біріншіден, «Каспийді» жеңгенімізге өте қуаныштымын. Біз үшін бұл қиын әрі қолайсыз қарсылас болатынын білдік. Команда өз қарсыластарынан қорықпайды, бұл үшін біз оларды қатты құрметтейміз. Жақсы матч өткіздік деп айта алмаймын, шаршаңқы көріндік. Үш ұпай алу өте маңызды болды.

- Жанкүйерлерді екі мәселе мазалайды: неге Раде Дугалич «Жетісуға» қарсы матчта ойнамады және Гүлжігіт Алықұловтың жағдайы қалай?

- Гүлжігіттің жағдайы нақты белгісіз. Таңертең компьютерлік томография жасалып, бізде толық ақпарат болады. Бәр дұрыс болады деп ойлаймын.

Радеге келетін болсақ, оның жеңіл жарақаты болды, сондықтан ол «Жетісуға» қарсы матчқа қатыспады. Қазір бәрі жақсы, ол қалпына келіп, бүгін негізгі құрамда шықты. Жанжал туралы әңгіме айтудың қажеті жоқ, бізде бәрі жақсы деп айта аламын. Бізде бір-бірін сыйлайтын және бағалайтын өте мейірімді ұжым бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×