Шпилевский: «Біздің қазіргі кезеңді сипаттайтын Мерфи заңы бар»

11.05.2021, 16:57
Алматылық клуб бірінші орында тұрған «Астанадан» тоғыз ұпайға артта қалды.
Шпилевский: «Біздің қазіргі кезеңді сипаттайтын Мерфи заңы бар»

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Премьер-лиганың 10-турындағы «Шахтерге» (1:1) қарсы өткен матч туралы пікір білдірді:

- Мұндай матчтан кейін сөз табу қиын. Алып қосар ештеңем жоқ, барлығы не болғанын көрді. Біздің қазіргі кезеңді сипаттайтын Мерфи заңы бар. Балалар жеңіске жету үшін бәрін жасайды, бар күшін салады, бірақ біз бір сәтте өзімізді-өзіміз өлтіреміз. Біз алға қарай жылжуды жалғастырамыз. Қазір қалай естілетінін білмеймін, бірақ біз дұрыс жолдамыз. Біз бәріміз бір команда болуымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×