Кезінде Алматылық "Қайратты" жаттықтырған Беларусьтік маман Алексей Шпилевский Қазақстанда жұмыс істеген кезінде өзіне қандай талаптар қойылғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазіргі таңда Ресейдің "Пари НН” клубын басқарып жүрген бапкер команданың РПЛ-дағы болашағы мен өзіне жүктелген жауапкершілік туралы ойымен бөлісті:
"Егер менде сенім болмаса, бұл жерде жұмыс істемес едім. Маусымның тезірек басталғанын қалаймын. Әрине, бәрі де уайымдайды, аздаған күмәннің болуы — қалыпты жағдай. Бірақ жеңіске жетеміз деген сенім басым болуы тиіс. Ойыншылар жауапкершілікті сезінеді және біздің оңай емес жағдайда тұрғанымызды түсінеді. Олар тек өздері үшін емес, клуб, жақындары мен қала үшін тер төгеді. Сәтсіздік туралы мүлдем ойламауға тырысамын."
Шпилевский "Қайраттағы" кезеңін еске ала отырып, сол кездегі қысымның деңгейін де атап өтті:
"Мен "Қайратпен" келісімшарт жасасқанда, құжатта "жыл сайын чемпион болу” деген арнайы талап жазылды. Сол кездегі қысымның қандай болғанын елестетіп көріңізші! Бес матчтан кейін бәрімен қоштасып, кетіп қалуға да болар еді. Бірақ одан не ұтамыз? Бастысы — өз ісіңе сену. Егер менің жігерім құм болса, соңымнан команда да сөнеді. Ойыншылар мені ашулы, эмоцияға толы күйде көруге үйренген, бірақ ешқашан еңсем түскен емес!.” — деді бапкер.