Шпилевскийдің командасы “Қайраттан” мықты болып шықты

Алматылық команда Белектегі ОЖЖ кезекті кездесуін өткізді.

Шпилевскийдің командасы “Қайраттан” мықты болып шықты

Бұл жолы сары-қара жейделі ұжымға “Пари НН” қарсы тұрды. Қос тараптын келісімі бойынша жабық форматта өткен ойында бас-аяғы 7 гол соғылды. Номиналды алаң иелері саналған “Қайрат” сапынан аталған кездесуде Бірқұрманов дубль және Рикардиньо гол авторлары атанды. 

Алматы командасының баспасөз-қызметі команданың алдағы Суперкубок финалында өнер көрсетуіне байланысты, “Қайраттың” тактикалық нұсқаулығы мен дайындығынан ашып ештеңе айтпауда. Нижний Новгород ұжымына қарсы матчтың жабық форматта өтуінің себебі де осы.

Айта кетейік, 2025 жылдың жазынан бері “Пари НН” ұжымын Алексей Шпилевский баптап келеді. Ол 2018 бен 2021 жылдар аралығында Қайратты жаттықтырған болатын. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×