Штефан Бургиу: “Тиімді ұсыныс болса, Қазақстанға қайта келуге дайынмын”

Бүгін, 15:42

Молдова құрамасының бұрынғы орталық қорғаушысы Штефан Бургиу ҚПЛ-ге қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Штефан Бургиу: “Тиімді ұсыныс болса, Қазақстанға қайта келуге дайынмын”

Тәжірибелі футболшының айтуынша, өткен қысқы трансфер кезеңінде Қазақстандық клубтар тарапынан ешқандай қызығушылық болмаған. Дегенмен, ол мансабын қайтадан елімізде жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Бургиу осы маусым алдында Қазақстаннан шақырту алмағанын нақтылады. Футболшы елімізге келу-келмеуі түсетін ұсыныстың сапасы мен шарттарына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Штефан бұған дейін өнер көрсеткен "Жетісу” клубы мен жалпы Қазақстан туралы тек жақсы естеліктер сақталғанын жеткізді.

"Қазақстаннан шақырту болған жоқ. Егер ұсыныс түссе, оны міндетті түрде қарастырамын, бәрі шарттарға байланысты болады. Жалпы, "Жетісу” клубы мен Қазақстан жайлы тек жақсы әсердемін.” — деді қорғаушы Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×